Қарағандыны цифрландыру биыл аяқталады деп жоспарланып отыр

Қарағандыны цифрландыру биыл аяқталады деп жоспарланып отыр

Биыл Қарағандыны, сондай-ақ Қазақстанның басқа да қалаларын – Ақтөбе, Арыс, Лисаковск және Өскеменді цифрландыру жүзеге асырылады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдің құрылыс саласын цифрландыру және «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымдық объектілердің есебін және елдімекендер құрылысы мониторингін жақсартатын мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық дерекқорын әзірлеуде.

Қазір жерасты және жерүсті инженерлік коммуникацияларын түгендеу арқылы қалалардың цифрлық кадастрлық жоспарлары жасалып жатыр. Бүгінгі таңда жұмыстар 63%-ға аяқталды. Қала құрылысы кадастрының дерекқорына қазірде 805 цифрландырылған бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлар енгізілді. Былтыр өңірлерде 25 мың гектер құрылыс салынған аумақ цифрландырылса, биыл Ақтөбе, Арыс, Қарағанды, Лисаков және Өскемен қалаларында инженерлік желілерді түгендеу жоспарланған. Ірі елді мекендерді (аудан орталықтары деңгейіне дейін) цифрландыру шараларын 2024 жылға қарай аяқтау көзделіп отыр.

Қала құрылысы кадастры жүйесін бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрымен және әкімдіктердің геопорталымен біріктіру жұмыстары қатар жүргізіліп жатқанын айта кету керек.

Жомарт Шаймұрат
26.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 18
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 19
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 22
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 17

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25118
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42064
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37927
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42397