Қаракемерде жаңа әкімшілік пайдалануға берілді

Қаракемерде жаңа әкімшілік пайдалануға берілді
Жаңа жыл қарсаңында Қаракемер ауылында жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.
Бүгінгі күнге дейін Қаракемер ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері ескі ғимаратта тұрғындарға қызмет көрсетіп келген.
Жаңа нысанның ашылуына келген аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауылда атқарылған бірқатар игілікке тоқталып өтті.
Айталық биыл ауыл сапалы ауызсу желісіне қосылса, ауыл орталығынан әмбебап спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Алдағы жылы бірқатар көшеге асфальт төсемі төселетінін тілге тиек еткен аудан басшысы ауылда тұрғындарға қолайлы орта толықтай қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Ендігі кезекте жаңа әкімшілік нысан тұрғындарға сапалы қызмет ұсыну керектігін де алға тартты аудан басшысы.
Нысанның ашылуына аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және ауыл қариялары қатысты
Жамбыл ауданы әкімдігі
31.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14455
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14373
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29523
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28152
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31689