Қарасаздық іскер әйелдің бірі – Гүлмира Байжанова

Қарасаздық іскер әйелдің бірі – Гүлмира Байжанова

 

Оның ісмер атанып, кəсіп жасап жүргеніне 33 жыл болған. Бүгінде ол
ауыл орталығында орналасқан «Айша» дүкенінің ісін жүргізіп отыр. Айта кету керек, дүкеннің бір бөлмесі азық-түлік дүкені болса, екінші бөлме киім сатуға арналған. Мұнда әйелдер, ерлер және балалар киімі сатылымда. Сонымен қатар, өз қолымен әсемделіп тігілген көйлек, жейделер де сатылымға қойылған.
Кәсіпкер бұл дүкеннің ғимаратын жалға алып отыр.
✔️- 1990 жылы қарасаздық азамат Ерғабыл Жанбосыновқа тұрмысқа шықтым. Біздің отау
құрғанымызға да 33 жыл толды. Екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірдік. Ұл-қыздан алты немереміз бар. Мен тұрмысқа шыққан жылдан бері ауылдағы тігін цехында тігінші
болып алты жылдай уақыт жұмыс істедім. Кейіннен үйде отырып, арнайы тапсырыспен киімдер тігіп, шалбар, көйлектің етек-жеңдерін қысқартып, перде тігіп, құрақ құрап
жүрдім. Ал, дүкенді біз отағасымен ақылдаса отырып 2006 жылы аштық. Бірінші киім дүкенінен бастадық. Алғаш Бішкек қаласынан, кейіннен Шымкент қаласынан қолжетімді бағада сатып алып жүрдік. Кейіннен азық-түлік дүкенін де аштық.
Тігінші болу үшін ебің болуы керек. Мен мектеп жасынан бері тігін өнеріне қызықтым. Көйлек тігіп, киімдерді қысқартып тігіп жүретін едім. Содан мектепті аяқтаған соң, Қаратау қаласындағы ауылшаруашылық, орта кәсіптік училищеде тігінші оқуын оқыдым.
Бүгінде оқуымның пайдасын көріп отырмын, – дейді Гүлмира Құралқызы. ✔️Дүкен кәсіпкердің тұңғыш немересі Айшаның атымен аталған.Адалдықты әрі сабырлықты
басты орынға қоятын жеке кәсіпкер адал жұмыс істеу ғана кәсіпкерді табысқа, жетістікке жетелейтінін айтады. Сондықтан қай істі бастасаң да қиындығына мойымай тек алға жүру керек деген ойда. ✔️«Тігіншіні – инесі асырайды» деген
нақыл бар. Сол секілді кейіпкеріміз де тігіншілік кәсіппен қатар азық-түлік дүкенінің ісін жүргізіп нәпақасын тауып, отбасының ұйытқысы болып отыр.

Жуалы ауданы әкімдігі
05.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 160
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 198
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 160
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 305
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 305
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 525
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 476

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9180
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8579
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11807
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9576
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10786