Қарасулықтардың өтініші назарға алынды

Қарасулықтардың өтініші назарға алынды

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Қарасу, Көлқайнар, Ақбастау ауылдық округтерінің әкімі Самат Селеубаев, Асылбек Қонаров, Нұрсұлу Дүзеевамен бірлесіп, ауыл тұрғындары алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы жүзеге асырылатын игіліктер жөнінде есеп берді.

КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНСА, БАҒАНАЛАР АУЫСТЫРЫЛСА ДЕГЕН ТІЛЕК БАР

Ащыбұлақ ауылдық клубында өткен жиында өңір басшысы Жамбыл, Жылқыбайұлы және «Шайдана-Алмаз» ашық алаңындағы жасанды тоғанды ауыстыруға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік нақтылауға ұсынылғанын баяндамасында тілге тиек етіп, ауылдықтардың сұрақтарына жауап берді. Мәселен, ащыбұлақтық Шымырбай Тубаев Үкібаев, Қапал көшесінің тұрғындары үлкен жолға жетуі машақат екенін, жауын-шашын күндері жол батпақ болатынын, каналдың бойына шағал төсем төсеу керектігін, «Аэропорд» алқабына су жеткізу үшін су қағар орнату керектінін алға тартса, шайданалық Еркін Юсупов С.Көпбергенов көшесіндегі бірқатар электр бағанасы ауыстыруды қажет ететінін қаузады. Ауылшаруашылығы саласында көп жылдар бойы еңбек еткен Алиомар Есенаманов Ащыбұлақ пен Шайдана елді мекендеріне жеке мұрап керектігін айтты. 

Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы көтерілген сауалдарды назарға алынып, хаттамаға еңгізілгенін, жұмыс барысы қосымша ақпараттандырылатынын жеткізді.

Ал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Арқабай Алдашев аудан әкімі мен ауыл әкімінің бірлескен есебіне қанағаттандырарлық деген бағасын берді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
02.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 182
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 196
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 463
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 270

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18235
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33423
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31975
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35738