ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Биыл ұлттық валюта - Тенгенің қолданысқа енгеніне – 30 жыл.
1993 жылы қарашаның 15 күні Теңге қаржы нарығына айналымға енді. Бұл күн төл теңгеміздің туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Осы күні мемлекетіміздің мәртебесі тағы бір дәлелденіп, абыройымыз асқақтап, еліміз төл теңгені қолына ұстады.
Сонымен қатар, биыл қазынашылық жүйесінің құрылғанына да 30 жыл толып отыр. Осы мерейлі белесте Қазақстан қазынасы бюджетті пайдалану жүйесіндегі қуатты буынға айналды.
Осы айтулы мерекеге орай, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандағы қаржы саласының қызметкерлерін қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.
Өз сөзінде «Мемлекеттің дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық волюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда Теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға үлесін қосуда. Сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің арқасында маңызды жобалар жүзеге асырылып, сала мамандары ел дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Мерейлі мереке күні қарсаңында қаржы ісінің барлық қызметкерлерін, осы маңызды саланың өсіп-өркендеуіне ат салысқан ардагерлерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - деген аудан басшысы кәсіби мереке иелеріне зор денсаулық, мол табыс, қаржыгерлік қызметте үлкен жетістіктер тіледі.
Ауданның қаржы саласының дамуына үлес қосып, жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ сала қызметкерлері «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталды.
Сарысу ауданы әкімдігі
14.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

СМАРТФОН СЫЙЛАДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2023 31
Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 03.12.2023 34
Пікір сайыс қозғалысы
Жомарт Зұлпыхар - 02.12.2023 54
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1739

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4185
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3833
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3992
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3926
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3999