«Қашағаннан» 5 млн тонна күкірт экспортталды

«Қашағаннан» 5 млн тонна күкірт экспортталды

     Әлемде теңдесі жоқ кен орнының бірі – «Қашаған». Аталған кен орны Атырау қаласынан 80 шақырым қашықтағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Кен орны 2000 жылғы 30 маусымда «Восток-1» ұңғымасымен ашылды. Бұл соңғы 40 жыл ішінде ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірінен саналады. Кен орнын өнеркәсіптік өндіру үшін жасанды аралдар тұрғызылған. Ал, мұнай өндіру 2013 жылғы 11 қыркүйекте басталды. Кен орнын Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы игеріп жатыр. «Солтүстік Каспий жобасы үшін күкіртті газды өңдеу, сонымен қатар, күкірт өндіру процесін қауіпсіз және тиімді түрде басқарудың маңызы зор. Кен орнында күн сайын 4 мың тоннаға жуық күкірт өндіріледі. Кен орнын игеру басталғалы бері экспортқа 5 млн тонна күкірт экспортқа жөнелтілді. «Қашаған» кен орнының күкірті теміржол желісі арқылы халықаралық терминалдарға тасымалданады», деп хабарлады NCOC компаниясының баспасөз қызметі. Еске салсақ, бұдан бұрын былтыр Атырау облысында 8,5 трлн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілген болатын.

Ермек Сахариев
23.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 187
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 200
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 467
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 271

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18379
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18239
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33427
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31978
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35744