ҚАТАР КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

ҚАТАР КОМПАНИЯСЫНЫҢ  ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Түркістан облысына шетелдерден инвестиция тарту жұмыстары да бүгінде тың қарқын алған. Таяуда өңір басшысы Нұралхан Көшеров Қатар мемлекетінің ірі инвестициялық құрылымдарының бірі – «Power International Holding» (PIH) компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өткізді. Кездесу аясында тараптар энергетика, құрылыс, туризм, ойын-сауық индустриясы, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзара ынтымақтастық пен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Облыс әкімі екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейде екенін атап өтті, шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру өңір экономикасын әртараптандыру мен дамытуда маңызды рөл атқаратынын айтты. 

– Түркістан облысы – табиғи ресурстарға бай, индустриялық әлеуеті жоғары аймақ. Біз уран өндірісі бойынша елімізде көшбасшы өңірміз. Сонымен қатар Түркістан облысы ауылшаруашылығы саласында да алдыңғы қатарда. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Инфрақұрылымы дайын өндірістік және агроиндустриялық аймақтар, инженерлік желілермен қамтамасыз етілген алаңдар бар. Сондай-ақ көлік-логистикалық бағытта теміржол, автокөлік жолдары мен халықаралық әуежай шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға мол мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – инвесторларға ұзақ мерзімді, сенімді әрі тиімді серіктестік ұсыну. Түркістан облысы халықаралық ынтымақтастыққа ашық, инвестиция тартуға және оны қолдауға бағытталған нақты механизмдер жұмыс істейді. Біз өзара тиімді әріптестікті дамытуға әрқашан дайынбыз, – деді облыс әкімі.

«Power International Holding» компаниясының өкілдері өз кезегінде Түркістан өңірінің экономикалық әлеуетіне жоғары баға берді. Қонақтар облыстың қолайлы инвестициялық ахуалын, түркі әлемінің рухани астанасында ауқымды жобаларды жүзеге асырудың ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Компанияның нақты серіктестік бағыттарын пысықтауға дайын екенін білдірді. Яғни Түркістан облысы географиялық орналасуы, тарихи-мәдени маңызы және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша шетелдік инвесторлар үшін тиімді бағыт ретінде танылып отыр.

Тараптар кездесу барысында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша нақты салаларда жұмыс жүргізуге келісті. Бұл бастама Түркістан облысының экономикалық өркендеуіне тың серпін берері сөзсіз. Сонымен қатар ол екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты дамыта түспек.

«Power International Holding» – Қатар мемлекетіндегі кең ауқымды қызмет түрлерін қамтитын жеке конгломерат. Компанияның негізін қалаушылар – Мутаз Аль-Хайят пен Рамез Аль-Хайят. Яғни «PIH» Араб әлеміндегі ең ірі отбасылық бизнес құрылымдарының бірі болып саналады. Қазіргі уақытта холдингтің әлемнің 19 елінде өкілдіктері бар. Оның құрамында 400-ден астам компания жұмыс істейді. Негізгі бизнес бағыттары – құрылыс, энергетика, денсаулық сақтау, телекоммуникация. Компанияның құрамына «UCC Holding», «Estithmar Holding», «Baladna Food Industries» сынды жетекші ірі бизнес-топтар кіреді. Компания Мальдив аралдарында, Қатарда және басқа да елдерде табысты жобаларды жүзеге асырған халықаралық тәжірибеге ие.

«РІН» 2025 жылдың қаңтарында Қазақстандағы телекоммуникация нарығына елеулі қадам жасап, «Қазақтелеком» компаниясынан «Мобайл Телеком-Сервис» АҚ (Tele2/Altel) үлесін сатып алу арқылы Қазақстандағы инвестициялық қызметін кеңейткен болатын. Енді экономикалық бағыттағы ынтымақтастық жаңа бір бағытпен толықтырылып отыр. 

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
10.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17460
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17304
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32485
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31075
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34723