Қаза тапқан 33 адамның денесі қайта қазылып алынған

Қаза тапқан 33 адамның денесі қайта қазылып алынған

    Информбюро жаңалықтар қызметі: «Бас прокуратураның дерегі бойынша, қаңтардағы дүрбелең кезінде қаза тапқан 33 адамның денесіне эксгумация жасалынған. Дегенмен, әлі де мәйіттеріне тиісті сараптама жасалмағандар бар. Ал бірі жарынан, бірі баласынан айырылған отбасылар сүйекті қайта қорлауға жол бермейміз дейді»,— деп хабарлайды.   Осыдан екі ай бұрын ғана шаңырақ көтерген 22 жастағы Аңсар 5-і қаңтарда Алматыдағы оқиға кезінде қаза тапқан. Шымкент қаласында жер қойнына тапсырған мүрдені қайта қазып алу жөнінде сот шешім шығарған. Ал онсыз да баласынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан ата-анасы соттың мұндай шешімімен келіспей, жоғарғы сотқа арыз жазып, моланы күзетумен жүр.  7-і қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін мазаратты аңдумен жүрген марқұмның анасы Жазира Жандарбекова:  «Аңсар ұлымның басында кредиті бар. Не істеймін, кімнен көмек сұраймын», – дейді. Алматы облысындағы Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылының тұрғыны 21 жастағы Олжас Әлімжанұлы да Алматыда 5-і қаңтар күні қаза тапты. Оның да етжақындары эксгумация жасатуға жол бермейміз деп отыр. Ал Марат Мұсабеков 5-і қаңтар күні Алматыда жұмыстан қайтып келе жатқанда оқ тиіп, қаза тапқан. Ұлы әкесінің денесін жер қойнына тапсырғаннан соң 11 күннен кейін құқық қорғау органдары мүрдені қарсылыққа қарамастан қайта қазып алды дейді. Марқұмның ұлы Сұлтан Мұсабеков эксгумация күштеп жүргізілді деп отыр. «Қазіргі уақытта бізге сараптама қорытындысы ақпан айының соңында дайын болатынын айтты», – дейді ол. Ал бас прокуратура жер қойнынан денесі қайта қазып алынып, эксгумация жасалып жатқан марқұмдар күдікті емес екенін жеткізді. Қайтыс болған адамдардың денесі қылмыстық істе күдікті ретінде танылғандықтан қайта қазылып алынып жатқан жоқ. Қайтыс болу себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында тексерулер мен сараптамалар жүргізу қажеттігіне қарамастан, туыстары алып кеткен марқұмдардың денелеріне ғана эксгумация жасалады. Ал балаларын жер қойнына бір ай бұрын тапсырып, қара жамылған отбасылар эксгумацияны тоқтатып, әруақтарға тыныштық берсін дейді.

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10608