Қазақ баласы қант диабетін емдейтін жасуша ойлап тапты

Қазақ баласы қант диабетін емдейтін жасуша ойлап тапты

 

 

ҚР БҒМ Молекулярлық биология және биохимия институтының ғалымы Бақытжан Әлжанұлы геномды редакциялау көмегімен I типті қант диабетін емдеуге арналған бірегей жасушаларды ойлап тапты. Бұл жасушаларды трансплантациялау ұйқы безіне инсулин өндіруге ғана емес, сонымен бірге оның денедегі деңгейін өз бетінше реттеуге мүмкіндік береді. Болашақта құрылым науқас пациенттердің безіне трансплантацияланады.

 

💬 «Біздің бұл әдісіміз бірегей болып есептеледі. Жасуша геномын өңдеу үшін қолданылатын CRISPR технологиясын пайдалана отырып, біз инсулин синтезіне жауап беретін ұйқы безінің жаңа жасушалық тізбегін жасадық. Нақты түсіндіріп өтсем, алынған жасушалар ерекше сипатқа ие, яғни жарықтың әсерінен олар инсулин деңгейін жоғарылатуы немесе оны төмендетуі мүмкін. Негізгі мақсатымыз І типті қант диабетін емдеудің заманауи тәсілдерін табу болды. Атап айтқанда, өзінің табиғи инсулинін шығаратын жасушалық терапияны табу болды», — деп айтты Әлжанұлы.

 

Бүгінгі таңда әлемде І типті қант диабетін емдеу әдісі жоқ, пациенттер тек инсулин терапиясы бойынша емделеді. Қазіргі уақытта дүниежүзі ғалымдары трансплантациялауға болатын жасушаларды әзірлеумен айналысып жатыр. Қазақстандық биотехнолог өз жұмысында бұрын-соңды ғылымда қолданылмаған бета-клеткаларды алу әдісі арқылы бірегей нәтижелерге қол жеткізді.

 

💬«Дифференциация және геномды редакциялау әдістерін біріктіру арқылы осындай нәтижеге қол жеткіздім. Бұл қорытындының бірегейлігі мен өзге әдістерден артықшылығы осында. Дифференциация — бұл адамның бағаналы жасушаларын ағзадағы кез келген органның жаңа жасушаларын алу үшін материал көзі ретінде пайдалану әдісі. Зерттеу кезінде бағаналы жасушалардан өңделген геномы бар ұйқы безінің жасушаларын алдық. ДНҚ-ны редакциялау әдісі — бұл гендік инженерия, ДНҚ-ның жеке құрылымдық элементтерін өзгерту. Яғни бұл жерде біз алынған ұйқы безінің жасушаларынан бірегей қасиеттерге қол жеткізгеніміз туралы айтып отырмыз. Дәлірек айтқанда, жасушалар инсулин деңгейін өз бетінше реттей алады. Бұл — әлемде алғаш рет ойлап табылған әдіс, — деп түсіндірді ғалым.

02.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1479
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7516
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11391
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7558
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7718