Қазақ күресі: Түйе балуандар сайысы

Қазақ күресі:  Түйе балуандар сайысы

Өткен аптаның жексенбісі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» мұз сарайында астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ХІ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтті. 

Жарыс ережесіне сәйкес сәуір-мамыр айларында ауыл, аудан, облыстық (қалалық) деңгейдегі және күштік құрылымдар желісі арасында іріктеу жарыстары толығымен өтіп, оған еліміз бойынша бес мыңға жуық спортшы қатысты. Соның ішінен ақтық сынға жолдама алған 36 балуан өзара күш сынасты. Олардың ішінде осыған дейін жеңіс тұғырынан көрінген Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар-тын. 2021 жылдың жеңімпазы Дәурен Нұралинов жарақатына байланысты турнирге қатысқан жоқ. 

   Турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Qazaqstan Barysy» қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастырды.  Сондай-ақ, турнирге  «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы, Спортты қолдау қоры, «Қазақтелеком» АҚ, «Сәтті жұлдыз» АҚ,  Magnum бөлшек сауда желісі, Олимпбет букмекерлік кеңсесі демеушілік жасады. Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир «бүк» ұпайынсыз өтті. Биылғы «Қазақстан Барысы» атанған қызылордалық Мақсат Исағабылов ақтық финалда салмағы өзінен 28 келі ауыр, 148 келі тартатын маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты (лақап аты – «Қара бура») 52 секунд ішінде мерзімінен бұрын ұтты. Үшінші орынды тараздық Ғалымжан Қырықбай жеңіп алды. Дзюдо күресінен ұлттық құрама мүшесі әрі 2019 жылғы Универсиада жеңімпазы қазақ күресіндегі кезекті белесін бағындырды. Турнирде жеңіске жеткен Мақсат Исағабыловқа алтыннан құйылған тайтұяқ, алтын белдік және 25 миллион теңге сыйақы берілді. Күміс жүлдегер Нұрдәулет Жарылғапов 5,5 млн теңге, қола жүлдегер Ғалымжан Қырықбай 1,8 миллион теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Көрермендер арасында автокөлік ойнатылды. 

 

Ермек Сахариев
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563