Қазақ мұнайы көздің құртына айнала бере ме? Тоқаевтың батыл қадамы жайлы ой-толғам

Қазақ мұнайы көздің  құртына айнала бере ме? Тоқаевтың батыл қадамы жайлы ой-толғам

 

Ресей тарапы жақында КҚК мұнай құбырын 30 күнге жауып тастады. Бұл біз күтпеген тосын оқиға болды. Қатал мінез,  тарпаң қылық десек те артық емес.  «Орыс ойына келгенін істейді» дегеннің кебі баяғы. Еске сала кетсек, 5 шілде күні Новороссийскінің Приморский аудандық соты «экологиялық заңбұзушылықтарға» байланысты Каспий құбыр консорциумының қызметі 30 тәулікке тоқтайды» деп бір қорқытты.  Сол күні үкімет басшысы Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша  тоқтап  қалуына  байланысты жедел кеңес те өткізді. Мұнай экспортын әртараптандыруды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назарда ұстап отырғанын жеткізген. Жағдай қиындай берсе, мұнай тасымалдауда Транскаспий бағдарын дамытуды тапсырған.

Кейін  ҚР  Энергетика  министрлігі Қазақстан мұнайы Каспий құбыр консорциумының құбыр желісі арқылы штаттық режимде экспортталып жатқанын мәлім етті.

 

Қашанғы орысқа жалтақтай береміз?

Көп өткен жоқ, 11 шілде күні түнерген бұлт  астынан шыға келген күнге ұқсап жағымды жаңалықтың құлағы қылтиды. Краснодар өңірлік соты Каспий құбыр консорциумы жұмысын тоқтата тұру жөніндегі шешімді өзгертіп, айыппұлға алмастырыпты. Консорциумға 200 мың рубль айыппұл төлеу міндеттеліпті. «200 мың рубль айыппұл төлеуге өзгертіліп, шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын» депті Краснодар өңірлік сотының судьясы. Бұл не саяси ойын ба, әлде шынымен-ақ жүйкеге ши жүгірту ме?  Ресей билігінің алдарқатып,  жылышырай танытқанына бөркімізді аспанға атып қуануға болмайды. Қаншама шығын шығарсақ та, дербес болуға, тәуелсіз болуға талпынған дұрыс. «Кісідегінің кілті аспанда» екенін қазақ билігі бір ұғатын болды-ау ендігі. Ресей қыспағынан шығу үшін Орта Азиядағы әзербайжан ағайын жақсы жол тауыпты.  Назарларыңызға мына сілтемесін қойдым     https://youtu.be/cdcUvjhKYZk     Солардан үлгі алсақ игі! Еліміз тәуелсіз болғаныменен, сауда-саттықта, газ бен мұнай, өзге де толып жатқан жер ресурстарын пайдалануда Ресейге жалтақтайтынымыз, солармен араағайындық жасайтынымыз, солардың қас-қабағына қарайтынымыз жақсылыққа бастамайды.

Бар салада қалай десек те Ресей тарапынан қысым күшейіп тұр, оны көріп, біліп отырмыз.  Қазақстан мұнайының 83%-ы осы құбырмен Еуропаға экспортталатын еді. Ресей әлімжеттік жасап, қыспаққа ала берсе, күніміз не болмақ? Келешекте қалай, қайтіп күн көреміз? «Бірде бие, бірде түйе» болатын көршінің қысымына қашанғы шыдаймыз?  Әрине, өлмеспіз, бірақ бюджеттің қомақты бөлігін толтырып отырған қаржыдан қағылу психологиялық тұрғыдан да, әлеуметтік жағынан да ауыр тиері сөзсіз. Нақты дәлел керек болса, айтайық, егер Каспий құбыр консорциумын Ресей соты бақылап, қит етсе айыппұл сала берсе,   бюджеттен айлық алып отырған көптеген мемқызметкерлердің жағдайы қиындайды, «қалт-құлт етіп әрең жүрген» теңгеміз доллардың алдында одан сайын «тізерлейді». Мұның бәрі «шықпа, жаным, шықпа» деп отырған бүгінгідей қиын шақта үлкен соққы. Бұлар көптің көкейінде жүрген ойлар.

Отыз жыл бойы тапжылмай отырған биліктің ақыры жеткізген жері – осы. «Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым» деуге тура келіп тұр.  Иә, мұның бәрі алдын ала ойластырылған саясат жемісі екенін жоққа шығаруға болмас. Саясаттың жүрмейтін жері бар ма? Оның ішінде патшалық Ресейден бастап, кешегі коммунистік жүйенің өзінде Мәскеуге тәуелді болған Қазақстан, экономикалық тұрғыдан әлі күнге орысқа тәуелді.  Қит етсе, «бетон бет» шовинистердің өре түрегелетіні содан.  Ал КҚК мұнай құбырынан туған проблема – Қазақстан экономикасын шикізатқа байлап, әрі құбырларды Ресей арқылы Еуропаға тасымалдайтын етіп, жіпсіз байлап қоюдың салдары. Құдайы көршіміздің аузымызды бағып, әр сөзден ілік іздеп, мінез көрсетіп қоюының астары тереңде. Келешекте тез есімізді жиып, өз алдымызға жаңа бағыт ұстанбасақ, қауіптің қою бұлтын сейілту оңайға түспейді. Ол үшін әккі, алысты болжай алатын, көрегендік қасиетке ие басшы керек-ақ!  Бүгінгі Президент Тоқаевтың  батыл қадамы, ұстанған саясаты халықтың көңілінен шығып келеді. Егер осылай жалғаса берсе, принципінен таймаса, жалтақтап жарамсақтанбаса, тамшының тасты да тесетіні әйгіленбек.

 

Қазақстан импортының 42 пайызы көршімізге  тәуелді

Қазақстанның белгілі экономисі Расул Рысмамбетовтың Каспий құбыры консорциумындағы мәселелерге байланысты пікірі өте өзекті. Көп дүниені қамтуымен құнды. Қаржы сарапшысы Ресей тарапы КҚК мәселесін бір аптаның ішінде шешеді деп есептейді. Дегенмен айтқаны айдай келді. Әйтпегенде, Қазақстан мұнай экспортын әртараптандыруға бар күшін салып, КҚК құбырлары түбінде ешкімге керек болмай қалуы мүмкін деп еді. 

Экономист «Популярная политика» ютуб-арнасына берген сұхбатында көп дүниені ашық айтыпты. Журналист сарапшыдан алдымен «осынау жағдаяттардың бәрін қалай көріп отырсыз? КҚК-ның жабылуы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Ресейдің экономикасына ықпалы қандай?» деп сұрақ қояды.

Расул Рысмамбетов: Это положительный для нашего рынка сигнал - новости  Kapital.kz

Оған  экономист:  «КҚК – біздің бірлескен жобамыз. Бұл жерде үш тарап бар. Сол себепті КҚК-ның жабылуын бірден «бір оқпен үш аяққа дәл тигізу» деп түсінуге болады. Бұл жағдайдан үрейлі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Қазір Ресейдің Қазақстан импортындағы үлесі  (тауар айналымы) 42%. Соғысқа және логистикалық қиындықтарға байланысты таяуда ғана ол 39% төмендеді. Қазақстан керек-жарақтың 50%-ын Ресейден сатып алып отыр. Импорт! Сондықтан КҚК-ның тоқтауы біздің бизнес үшін керемет себеп: яғни экспорттық және импорттық бағдарларды әртараптандыру мәселесіне шындап бас қатыру керек болады», – депті. 

Сарапшының сөзіне қарағанда, КҚК шынында да Қара теңіздің экологиясына қатты шығын келтіре ме, жоқ па, айту қиын. Осыған дейін КҚК құбырлары істен шыққан кезде Расул Рысмамбетовтың инсайдерлері оған шынында да құбырдың істен шыққанын растаған. Бірнеше ай бұрын! Ал дәл қазір не болып жатқанын түсінбейтінін жеткізіпті.

Енді Қазақстан мен Ресей арасындағы ащы ішектей шұбатылған байланыстарға көз жіберіп көрейікші. Шындап байланған сиам егіздері сияқты көрініске тап боласың. Тіпті ажырату мүмкін емес тәрізді. Қазақстанда Ресейдің қаншама жобасы бар. Ресейде Қазақстанның қаншама жобасы бар. Байқоңырға дейін. Естеріңізде болса, улы отыннан протондар, гептилімен қазақ даласына құлаған кезде Қазақстан билігі сол экологиялық қауіпке түсіністікпен қарады. Кешіре білді. Ал Ресей тарапы сәл ғана ақауға (болмаған да шығар) ер-тоқымын бауырына алып тулауы қызық. Біздіңше,  өзара түсіністік қағидаты сақталуы керек. Әйтпесе мәселе ушыға бермек. Оның екі тарапқа да пайдасынан зияны мол...

Расул Рысмамбетов Каспий құбыры консорциумының тоқтауы Қазақстан мұнайының экспортын 70% дейін азайтатынын атап өтіпті. Яғни Қазақстанға тек Қытай маршруты қалады. Алайда қазір Қазақстан билігі Баку-Тбилиси-Жейхан бағдарын қарастырып жатыр. Егер Иран арқылы тасымал келісілсе, онда мұнай экспортын әртараптандыруға қол жеткізілмек.

«Соған қарамастан КҚК проблемасы бір аптадан аз уақыт ішінде шешілуі тиіс.  Мен ең алдымен қазір саясат жағын ойлап отырмын. Өйткені ешкім қазір ешкіммен қарым-қатынасты бұзғысы келіп отырған  жоқ.  Санкцияның  аты  –  санкция. Санкцияны сақтауды санкцияларға қосылу деп ұғатындар көп екен. Бұл – екі түрлі нәрсе. Сол себепті, меніңше, мәселе тез арада шешіледі. Экология деген басқа салалар секілді саясаткерлердің қызметіндегі құралға айналып кеткен. Ресейде ғана емес. Сол себепті мен КҚК 90 күн жабық болады дегенге сенбеймін. Егер мерзім ұзарып кетсе, біз экспорттық бағдарды әртараптандыруға жігерлене түсеміз», – дейді ол.

Бұған біздің қосарымыз, Қазақстан көпвекторлы саясатты ұстанған кезде, БҰҰ Жарғысына, халықаралық келісімдерге сүйенеді. Қазақстанда маневр жасайтындай алаң әзірге көп емес. Алайда біз КҚК-дағы қиындықтарды жөн деп қабылдаймыз. Өйткені көзбояушылықты қойып, ендігі кезекте жұмысты дұрыс жүргізу керек. Себебі мәселе соғыста немесе санкцияларда емесін ескеретін кез келді.

Бізді қызықтырғаны – Расул Рысмамбетовтың пайымы мен сараптамасы. Ол: «Ресей немесе Қытай болсын, тіпті Қазақстанға бауырлас Өзбекстан болсын импорттың немесе экспорттың тәуелділігін 40 пайыз көрсеткішпен байлау деген сауатты позиция емес екенін айтыпты. 10-15 пайыз кез келген елдің үлесі осынша ғана болуы тиіс. Мәселен, Ресей мен Германияның арасындағы сауда айналымын қарасақ, Германияның Ресейдің сыртқы сауда айналымындағы үлесі бар-жоғы 7 пайыз. Ресей сауда айналымы 10 пайыз асатын бірден-бір мемлекет ол – Қытай (17 пайыз). Ал Қазақстан импортының 42 пайызы Ресейге тәуелді», – депті.

 

Мұнай неге Ресей арқылы тасымалданады?

Енді көпшіліктің көңілінде «КҚК-дан басқа Ресейдің Қазақстанға ықпал ететін ірі тетігі бар ма?» деген сұрақ туары анық. Оған шама-шарқымызша жауап беріп көрелік. Еуропаға Қазақстан тауарларының көп түрі Ресей арқылы барады. Оны көбіміз білеміз. Көмір, фосфор т.б. шикізаттар. Осының бәрі күндердің күнінде толық жабылып қалады деуге болмас. Ресей Қазақстанға ол жолдың бәрін жабады дегенге тағы сенбейміз. Толық жаба алмайды. Бұл логикаға да сыймайды әрі Ресейдің өзіне айналып келгенде тиімді болмай шығады. Онда олар ондай қадамға өлсе де бармайтыны белгілі.  Әлбетте, Қазақстанға да. Сөзімізге дәлел  КҚК мәселесі бір аптаның ішінде шешілді. Кейбір саясаткерлердің айтқаны келді. Өйткені соғыстан қалжыраған, экономикасы ойсыраған Ресейге дәл қазіргі уақытта Қазақстанға сес көрсетіп қойғаны ғана пайдалы. Тереңдеп кетсе, өздері шығынға батқалы тұр. 

Мұнай мен мұң » Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет

Айтуға ауыр болса да, шындықты айтатын кез келді. Біздің республикалық бюджеттің елу пайыз кірісін мұнай-газ өндірісі береді. Екінші біздің сыртқы табыстың  (экспорттық табыстың)  70 пайызына доллардың келуін қамтамасыз ететін де мұнай-газ өнімі.  Оның сыртында «Қазақ елі инвесторларға ең қолайлы аймақ» деп жатамыз ғой мақтанып, шындығында, бізге келген инвесторлар мұнай-газ өндірісіне ғана ақша салып жатыр. Ауылшаруашылығына, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға, космосты зерттеуге келіп жатқан инвестор жоққа тән.  Отыз жыл бойы мақтанғанымыз жәй дүние болып шыға келді. Алдағы уақытта бюджетке түсетін салық жоқ. 70 пайыздық сырттан келетін долларлық пайда енді түспейді. Сонымен қатар Қазақстанға келетін инвесторлар енді ойланатын болады. 

Рашид Жаксылыков: «Если нефтесервисного кластера не будет, не будет и  нефтегазовой отрасли»Мұнай сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов атап өткендей, наурыз айында қазақстандық мұнайды жөнелту апат салдарынан тоқтатылды. Бүгінде жағдай қайталануда. «Бұл жерде мынаны түсініп алу керек. Новороссийск мұнай терминалы бірінші жыл емес, Кеңес дәуірінен бері жұмыс істейді. Неліктен шахталар мен торпедолар дәл қазір табыла қалды? Сонымен қатар, бұл – ірі терминал, оның бірінші өрт қауіпсіздігі санаты бар. Онда қандай жарылыс болуы мүмкін екенін елестетіп көріңіз! Сондықтан Президентіміздің сөйлеген сөзі осы техникалық жұмыстарды бастауға қосымша түрткі болды деп ойлаймын. Өйткені Ресей Қазақстанды олардың саяси амбицияларын қолдауға көптен бері мәжбүрлеуді қалайды. Біздің мемлекет басшысы «ЛХР» мен «ДХР»-ды заңсыз деп санайтынын айтқан кезде, олар Ресей Үкіметінде әрекет ете бастады. Риторика мынада: біз экономикалық дағдарыста болғандықтан, біз өзімізді де, сіздерді де тартамыз. Қаңтардың аяғынан бері мен осылай болатынын бірнеше рет айттым: Ресей бізге кедергі келтіретіні сөзсіз. Болашақта ол КҚК-ны жекешелендіріп, мемлекет меншігіне алғысы келеді деп ойлаймын, ал Батыс шетелдегі ресейлік активтерді, оның ішінде мемлекеттік компаниялар мен олигархтардың жылжымайтын мүлкін мемлекет меншігіне ала бастайды», – дейді Жақсылықов.

Расында да, түрлі мінез көрсетіп, біресе олай аунап, біресе былай аунап жатқан Ресейді түсіну қиын.   Олардың КҚК-ны сотпен біресе жауып, біресе ашуы да түлкібұлаң әрекет. Соның салдарынан еліміз бұлыңғыр, дүдәмал жағдайға тап болып отыр. Саяси сауда үшін тағдырымыз талқыға түссе, оған да таң қалуға болмас.  Әлде көршінің ыңғайына жығылып, арнайы әскер жіберіп, «ДХР» мен «ЛХР»-ді ресми түрде мойындап немесе «Солтүстік көршімізге» санкцияларды айналып өтуге көмектескен жағдайда  «жабылған қақпа» ашыла ма? «Бұл ойынның» артында сондай мысықтілеу жатпасына кім кепіл?

Бүгінгі таңда Ресей өздеріне қарсы қойылған Батыстың санкциясынан құтылудың жолын іздестіріп жатқаны өтірік емес.  Сондықтан Ресей қазір Қазақстанның жеткізілімін тоқтата отырып, Еуропадағы мұнай тапшылығын арттырғысы келуі әбден мүмкін. Әлемдік мұнай нарығында Қазақстан жеткізілімдер бойынша бар болғаны 1,5%-ға, ал Еуропаға жеткізілімдеріміз барлық көлемнің 30%-ын алады. Ресейдің басты мақсаты – «бір оқпен екі қоянды атып алу» – көршіні де қамап, Еуропаға қыр көрсету. Бұл бізге не әкелуі мүмкін? 

Біріншіден, мұнай өнеркәсібінің отыз жылдық дамуы сұйылып кетті. 25 млн тоннадан бастап, біз дамуға 600 млрд доллардан астам қаражат жұмсап, 90 млн-ға дейін жеттік. Екіншіден, Қазақстан Ресей арқылы 55-57 млн тонна экспорттайды, бұл бюджеттің 50%-ы және экспорттан түсетін табыстың 70%-ы.

Қазір Қазақстан Еуропа нарығынан айырылудың алдында тұр.  Себебі мұнай келісімшарттары әдетте өте ұзақ мерзімге жасалады, егер ұзақ мерзімді тоқтата тұру керек болса, бәрін қалпына қайта келтіру оңай болмайды.

 

Расул Рысмамбетов Каспий құбыры консорциумының тоқтауы Қазақстан мұнайының экспортын 70% дейін азайтатынын атап өтіпті.

Қазақстан Ресей арқылы 55-57 млн тонна экспорттайды, бұл бюджеттің 50%-ы және  экспорттан түсетін табыстың 70%-ы.

 

Өзара қатынасымыз жайлы «сырт көз – сыншы» деген рас-ау...

ТҮЙІН: Мұнай сервистік компаниялар одағы  төралқасының  төрағасы  Рашид  Жақсылықовтың  коммуникациялары бар қолданыстағы мұнай құбырларына сүйене отырып, жаңа арна салу туралы ойлары көңілге қонады. «Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының Қытай жағына өткізу қабілетін арттыру қажет. Қазір оның қуаттылығы жылына 20 млн тоннаға жетіп отыр, мұнайымыз шығысқа кетуі үшін оны 100 млн тоннаға дейін арттыру қажет» дейді ол. Онымен қоймай  «Бірақ парадокс мынада» деп, тағы бір сырдың бетін ашады.  «Ресей қазір осы құбыр арқылы 18 млн тонна жөнелтеді, ал біз тек 2 млн. Қазақстан Ресейді сол жерден қуып, өз мұнайын қалдыра алады. Сондай-ақ, Ақтау – Баку – Джейхан жобасын дамытып, сол жерден өз мұнайын Еуропаға жөнелтуді бастауға болады. Бірақ кез келген жобаны дамытуға инвестиция қажет. Инвесторлар бізде 100 млн тонна болады және қор бар деп сенетіндей етіп жасау керек. Ал ол үшін геологиялық барлауды күшейту қажет», – деп  нақтылап өтеді.

Шынын айту керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңестегі жігерлі сөзінен кейін көңілде қанша күдік болса да, жүрекке сенім ұялады. Мемлекет басшысы Үкіметке елдің теңіз әлеуетін барынша дамыту міндетін қойып, теңіз арқылы тасымалдау ісін дамытуға ерекше назар аударды. Әсіресе кеңесте «Қазақстан теңіз арқылы тасымалдау әлеуетін толық пайдаланған емес.  Қазір заман басқа. Үкіметке порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, трансформациялау жөнінде стратегиялық міндет жүктедім. Теңіз флотын нығайтып, Ақтау портында контейнерлік хаб құру қажет деген ұсыныспен толық келісемін», – деген-ді. Көршілерімізге жақпай қалғаны осы сөзі. Тоқаевтың мұнайды Ресейді айналып өтетін бағытпен экспорттау туралы сөзіне Кремль бірден пікір білдіруі де ойланарлық нәрсе.

Дмитрий Песков: это чудовищноРесей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Каспий құбыр желісі консорциумы жұмысы тоқтағаннан кейін, экспорттың балама маршрутын дамытуды тапсыруынан саяси астар көрмейтінін мәлім етті. Бұл туралы ол kommersant.ru басылымына айтты. «Бұның саяси астарының болуы неғайбіл. Зер салып қарау керек. Біз экологиялық параметрлер бойынша тоқтату (КҚК-ны тоқтату – ред.) туралы шешім қабылданғаны туралы хабарды оқыдық. Сондықтан қазақстандық серіктестермен қосымша сөйлесу қажет» дейді ол. Осыдан-ақ Ресей тарапының Қазақстанның ішкі ісіне араласуға кет әрі емесін бағамдауға болады. 

 Мұнайдың мәңгілік емес екенін, бір күні таусылады немесе осындай жағдай болып қалады-ау деп әу бастан ойлау керек еді бізге. Әлі де кеш емес-ау! Бәлкім  құрылыс  орындары  мен кәсіпорындарды көптеп ашқанда мұнайға тәуелділіктен қорықпас па едік. Алайда көңілді түсіретін ештеңе жоқ. Бәлкім бұл біз үшін қайырлы болар?! Бәлкім осындай аз-кем қиыншылықтың арқасында бізге кіші өнеркәсіпті дамытуды қолға алу мүмкіндігі болар?! Әйтеуір жақсылықтан күдер үзбейік.

Ресейлік билік Қазақстанды мойындамайды немесе мойындағысы келмейді, оны ашық айтқан дұрыс. Сондықтан да бұрынғы тоталитарлық әдетпен Қазақстанды уыстан шығарып алмауға, тыпыр еткізбеуге әуес. Болмаса биліктегілер «бас білдіре алмайды» немесе мемлекеттік мүддені қорғауға қауқары жоқ болуы мүмкін. Ресей біздің стратегиялық әріптесіміз, көршіміз т.б. дегенде бой бермей мақтанамыз. Орыстардың билігінен арқадан пышақ ұруды кез келген уақытта күтуге болады, сол үшін Ресейден арамызды алшақтау ұстау саясатына көшкен дұрыс. Еуразиялық одақтан және ҰҚШҰ-дан (ОДКБ) тезірек шығудың жолын да қарастыру қажет.

Мемлекет басшымыздың «Жаңа әлем – жаңа мүмкіндіктер» атты Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиында Ресей журналистерінің қитұрқы сұрақтарына ойсырата жауап бергені, сөйтіп қалың елдің айызын қандырғаны тарихқа қатталып қалды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару ісін жаңғырту және Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы айтты сол жиында. «Бар күш-жігеріміз экономиканың өсімі азаматтардың әл-ауқатын арттыруға пропорционалды түрде ықпал етуге   бағытталған.  Біз сауда-экономикалық  байланысты дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, адами капиталдың өсімі мен инновацияларды енгізу үшін жағдай жасауға ниеттіміз», – деді мемлекет басшысы.

 

Шетелдік БАҚ-тың жазғандарына сенсек, болжамдары, көріпкелдіктері сойқан. «Ресей Украинаға басып кіргелі бері Нұр-Сұлтан мен Мәскеу қарым-қатынасы нашарлады. Ресейдің доспейіл емес әрекеті мен пікіріне жауап ретінде Президент Тоқаев Мәскеуден алшақтауға тырысып жатыр. Осы себепті ол Қытай, Түркия, Иран және Батыспен тығыз қарым-қатынас орнатып, мұнайды Ресейді айналып өтіп экспорттайтын балама жолдар іздестіріп жатыр» деп жазуда. АҚШ-тағы Jamestown қорының сайтында жарияланған сарапшы Пол Гоблдың мақаласында осындай ой айтылыпты.

Сарапшының жазуынша, Тоқаев Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда  Путиннің  көзінше Қазақстан Украинаның шығысындағы   сепаратистік   аймақтарды  мойындамайтынын  айтқан соң, екі ел арасындағы шиеленіс шарықтау шегіне жеткен. «Бірақ ахуал бақылаудан шығып кетпес үшін Тоқаев пен Путиннің режимдері бұл конфликтіні жуып-шаюға тырысты. Дегенмен екі елде де Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасы нашарлай береді, тіпті Ресей әскері Қазақстанға басып кіреді деушілер жоқ емес» дейді. Сондай-ақ, мақала авторы Тоқаевтың «Қазақстан Мәскеуге Батыс санкцияларын айналып өтуге көмектеспейді» деген мәлімдемесін де  еске салады. Тоқаев жаңа одақтастар мен мұнай тасымалдау үшін Ресейді айналып өтетін балама жолдар іздеу үшін Түркия мен Иранға барды. Соңғы айларда Ресей аумағындағы құбырлар арқылы қазақ мұнайын тасымалдау екі рет тоқтап қалған. Жақында Тоқаев Қытайдың сыртқы істер министрін қабылдап, «Орталық Азияның экономикасы мен қауіпсіздік архитектурасындағы Пекиннің рөлін кеңейтуді» талқылады.

Пол Гоблдың талдауынша, Ресей үкіметі Қазақстанның осы әрекеттерін сынап қана қоймай, қарымта жауап қайтаруға көшті. Ресей аумағы арқылы өтетін құбырмен қазақ мұнайын жеткізуді тоқтату, Назарбаевты Путиннің қабылдауы, Ресей президентінің Қазақстанға емес, Тәжікстан мен Түрікменстанға сапарлауы – соған дәлел. «Бұл Ресейдің аймақтағы ең жақын одақтасы делінетін Қазақстан Тоқаев тұсында енді мұндай мәртебеге ие болмайтынын көрсетеді. Қазақстан Мәскеуді өзінің түзу пейіліне сендіруге тырысып келген, алайда Путинмен ұстанымы бір Ресей билігінің бұған енді көңілі көншімейтіні анық».

Қазақта «Сырт көз – сыншы» деген тәмсіл бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл қадамдары Ресейді «тәубеге келуге» мәжбүрледі. (Бәлкім Тоқаевтан мұндай шұғыл шешім күтпеген де болар). Оған КҚК алты айға жаппақ болған көрші елдің лезде райларынан қайтып, Краснодар өңірлік соты «200 мың рубль айыппұл  төлеуге  шешім шығаруы» айқын дәлел. Себебі тәуелсіз қазақ елі кез келген уақытта Ресейді айналып, өзге мемлекеттермен де ынтымақтасуға әзір.  Бұл Ресейге тиімсіз. «Батпан құйрыққа батып отырған» көршіміз көл-көсір байлықты өзгелермен бөлісуді құп көрмейді. Біз осыны да есте ұстасақ.  Қалай десек те Президент Тоқаев принципіне адалдығын көрсете бастады. Ұлтын ұлтан қылуға жол бергісі келмейді. Олай болса жаңашылдыққа ұмтылған Президент Тоқаевқа сенейік. Халық болып қолдайық! Данышпан ұлы  Абайдың  «Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйінерге жарар ол»  дегенін қаперге алайық.

Айтпақшы, екі ел арасындағы келісімшартты мансұқтап, мұнай құбырын қайта-қайта жауып отырған ел бізге атом станциясын салатын болса, не істейтінін болжай беріңіз... Беті аулақ!

 

Сәуле Мешітбайқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
15.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 99
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404