Қазақ құрамасы топ жарды

Қазақ құрамасы топ жарды

ҚР Спорт және дене шынықтыру комитеті Facebook парақшасында: «Өзбекстанның Сухандария облысына қарасты Термез ауданында өткен халықаралық турнирге 6 көкпар командасы қатысты. 23-24 наурыз күндері өткен дүбірлі додада ел құрамасы ерекше ойын көрсетті. Спортшыларымыз турнир жеңімпазы атанып, бас жүлдеге тігілген 200 млн сомды (8,6 млн теңге) қанжығаларына байлады»,  – деп жазады. Ақтық ойында Өзбекстан құрамасымен сынға түскен жерлестеріміз алаң иелерін 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Халықаралық сайысқа Өзбекстанның өзінен 4 команда қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Өзбекстан көкпардан әлем чемпионатын өткізуді жоспарлаған болатын. Алайда пандемияға байланысты бұл чемпионат кейінге шегерілген-ді. Дегенмен қазіргі таңда эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына қарамастан Өзбекстан тарапы бұл чемпионатты өткізу-өткізбеу туралы нақты шешімін айтқан жоқ-ты. Сондай-ақ, аталған комитеттен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы биыл қыркүйекте ересектер арасында көкпардан ІІ әлем чемпионатын өткізу жоспары туралы хабарланды.

Ермек САХАРИЕВ
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 347
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 194
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 490
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 336

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18250
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18110
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33299
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31850
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35567