Қазақ-қырғыз қатынасы тұрақты дами береді

Қазақ-қырғыз қатынасы тұрақты дами береді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 2 тамыз күні Қырғыз Республикасына ресми сапармен барып, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен кездесу өткізді. Ыстық көл маңындағы Шолпан-Ата қаласындағы басқосуда бірқатар маңызды мәселелер талқыға түсті. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті, ол саяси диалогтың тұрақты нығаюымен және жан-жақты өзара іс-қимылдың кеңеюімен сипатталады.

ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

– Қазақстан бауырлас Қырғызстанмен өзара құрмет, сенім және мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген одақтастық қатынастарды тереңдетуге берік бейілді. Біз ұзақ мерзімді серіктестікті құруда осы мақсаттарды басшылыққа аламыз, – деді М.Нұртілеу.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары соңғы жылдары жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын жан-жақты талқылады, сондай-ақ парламентаралық, үкіметаралық және өңіраралық байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарына және Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысын өткізуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективалары жеке қаралды. Қазақстан Қырғызстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарына тұрақты түрде кіреді. Мемлекет басшыларының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында министрлер экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге, өзара сауда көлемін 3 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға жан-жақты жәрдемдесуге уағдаласты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд АҚШ долларын құрады.

2026 жылы қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен жобасының іске қосылуы, бірлескен инвестициялық жобаларды пысықтау маңызды екені аталып өтті. Министрлер ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап, энергетика, көлік, логистика, су қатынастары және ауылшаруашылығы салаларында өзара тиімді іс-қимылды дамытуға дайын екенін білдірді.

Екі мемлекет арасындағы берік және ұзақ мерзімді қатынастардың негізі – мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері жеке қаралды. Өткен жылы Қазақстанда Қырғызстан мәдениетінің күндері және ауқымды іс-шаралар сәтті өтті.

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының Қырғызстанға ресми сапары қарсаңында Қазақстан киносы күндерін, үшінші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу, сондай-ақ Бішкекте «Алтын достық көпірі» ескерткішін салтанатты ашу жоспарланып отыр.

Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». БҰҰ аясындағы тығыз өзара іс-қимылға, сондай-ақ екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілетуде өзара қолдау көрсетуге бейілділік расталды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшылары Жоғары мемлекетаралық кеңестің жетінші отырысының «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кешенді жоспарын бекіту туралы» шешімін және Ынтымақтастықтың кешенді жоспарын дәйектеді.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
07.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16249
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16105
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31273
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 29905
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33471