Қазақ спортын асқақтататын 3 мәселе

Қазақ спортын  асқақтататын 3 мәселе

АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан әлем чемпионы  Айдар Махметов көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, әлеуметтік желілерде  спорттағы мәселелерді  жиі айтып, жариялап жүр. Сондай-ақ,  ол фейсбук парақшасында  ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа да өз ұсынысын жеткізіпті. Сонда спорт жанашыры: «Бүгінгі таңда еліміздегі спорттың дамуын қаржыландыруда үш негізгі проблема бар, олар: 1. Бұқаралық спортты дамыту; 2. Элиталық спорт түрлерін дамыту; 3. Спорттық демеушіліктегі жағдайдың жоқтығы.  Жалпы, физикалық үйлесімді дамыған адам жүгіре білуі, дене шынықтыруы күшті, ұжымдық спорт түрлеріне дағдылануы, оқ ату, қорғануға қабілетті болуы керек. Қазіргі уақытта енгізілген президенттік сынақтар белгілі бір даму критерийлерін көрсетпейді. Мен оларды ұлттық құндылықты пайдалана отырып заман талабына сай жаңғыртуды ұсынамын. Олардың қатарына оқ ату және жекпе-жек өнерін негізгі деңгейде меңгеру (мысалы, қазақша күрес).  Сондай-ақ, бұл нормаларды 6-8 жас пен 70 жастан асқанда да айналыса алатындай етіп, жасы мен жынысы бойынша бөліп енгізуге болады.  Бұл шара еліміздің әрбір тұрғынын бастауыш мектептен бастап зейнеткерлікке дейін дене шынықтыруды дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, еліміздің қорғаныс қабілетін еселей түседі.  Спорттың дамуы қазіргі әлемдік турбуленттік жағдайында аса маңызды. Оларды үш шеберлік дәрежесіне бөлуді ұсынамын. Олар: Алтын Барыс, Күміс Барыс және Қола Барыс. 1. Еліміздің спортында өткір тұрған бірінші мәселе – бұқаралық спортты дамыту. Жалпы, ол дене тәрбиесі жүйесінен басталады. Сондықтан әділ Қазақстан жағдайында бұл мәселені дұрыс жолға қою керек.  Жастар үшін спорт қуатты әлеуметтік маңызға айналуы тиіс. Елімізде Олимпиадалық медальдардың көпшілігі бокс пен ауыр атлетикаға тиесілі. Қазіргі уақытта халықаралық федерациялардың аталған спорт түрлерінің көрсеткіштері төмен болуына байланысты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбей қалу қаупі бар. Сонда біздің спорт тағы да дағдарысқа ұшырайды деген сөз. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алу үшін спорттық ату, жүзу, гимнастика, семсерлесу сияқты медальді көп қажет ететін спорт түрлерін дамытуға қосымша көңіл бөлуді ұсынамын. Бізде бұл спорт  түрлерінің негізі бар. Сондықтан жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Әлем чемпионы,  халықаралық ұйымдар мен спорт федерацияларында, ХОК, GAISF, ANOC және т.б. жұмыс үшін мамандарды дайындау қажет. Егер еліміз сондай мамандарды  дайындай алатын болса, онда ол жақсы нәтиже беріп, Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы беделін нығайтуға септігін тигізеді. Еліміздің жетекші университеттерінде материалдық- техникалық базаны нығайта отырып, спорт менеджменті мен маркетингі бойынша әлемдік жетекші мамандарды тартып,  спорт кафедраларын ашу немесе нығайтуды ұсынамын.  Университеттерде пәндерді ағылшын тілінде оқытып, менеджерлердің жетіспеушілік мәселесін шешуге болады. 2. Екінші мәселе,  элиталық спортта жоғары сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін ғылым мен спорттың симбиозы қажет.   Мәселен, біздің Генетика және физиология институты қазақтың көрнекті спортшыларының генетикалық сараптамасын жасап жатыр. Сондықтан да әлемнің жетекші спорт университеттерімен: Ұлыбританияның Лофборо, Бирмингем және Эксетер, Германияның Кельн және Гейдельберг, АҚШ-тың Пенсильвания, Флорида, Мичиган, Австралияның Квинсленд және Сидней қалаларымен тығыз ынтымақтастық орнату қажет. Әсіресе, әлемдік трендтерге ілесіп, спорттық медицина мен спорттық фармакологияны дамыту маңызды.  Қазір  Әлемдік спорттық медицина нарығы 2020 жылы шамамен 5 млрд долларға бағаланды. Ал, өсу болжамы 2030 жылға қарай 9,5 млрд долларға жетеді. 3. Үшінші мәселе – Демеушілікті дамыту. Кәсіби спортты дамытуды ынталандыру үшін спорт заңнамасына өзгерістер енгізуді ұсынамын. Спорттық жобаларға бөлінген демеушілік қаражатқа салық шегерімдерін енгізу керек. Бұл бизнесмендерді спортқа инвестиция құюға ынталандырып, мемлекеттен үлкен қаржылық жүктемені алып тастайды. Сондай-ақ, бұл шара қазіргі уақытта букмекерлік кеңселердің спорттағы демеушілігін ығыстыруға көмектеседі. Сонымен қатар,  футбол және хоккей сияқты қаржылық қымбат спорт түрлері үшін жалақының шекті мөлшерін енгізу керек деп есептеймін. Жалақы мөлшері мемлекеттік қаржыландырудан түсетін қаражатқа қатысты болуы керек. Бұл шара қажетсіз екінші разрядты легионерлерді кесіп қана қоймай, жергілікті спортшылардың дамуына да серпін береді. Сондай-ақ, өңірлердегі спортты дамыту көрсеткішін әрбір әкімнің қызметін бағалау көрсеткіштеріне енгізуді ұсынамын. Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды жақын арада жүзеге асыруға болады. Бұл қазақстандық спортты тағы бір сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізеді», – депті. Ендеше, білікті маманның осы айтқан ұсыныстары министр құлағына шалынып, сол бойынша жұмыстар қолға алынса, оның қазақстандық спортты тағы бір сапалы деңгейге шығаруға септігін тигізері сөзсіз дер едік.

ЕРМЕК САХАРИЕВ
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8775
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8175
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9158
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10389