Қазақ халқына алғыс айтамын!

Қазақ халқына алғыс айтамын!

   Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метрлік қашықтықта үшінші орын алып, Ресей құрамасының қоржынына қола медаль салған Семен Елистратов соңғы бір жылда Қазақстан командасымен бірге дайындалып, оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын. Қола жүлдегердің өзі: «олимпиада қарсаңында бізге жақсы жағдай жасағаны үшін қазақ халқына тіземді бүгіп, зор алғысымды айтамын. Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетіне айтатын алғысым да шексіз. Қаңтар айында елде тәртіпсіздік басталған кезде бізді стадионға жауып тастап, алаңсыз дайындалуымызға бар күш-жігерін салды. Шорт-тректен Қазақстан командасына, Әділ, Денис, Абзалға, менімен бірге жаттыққан барша қыз-жігіттерге зор алғыс айтамын! Менің жаттықтырушым Андрей Иванович Максимов соңғы бір жылда Қазақстан командасының бапкер кеңесшісі қызметін атқарды. Мен де қазақ еліне бапкерімнің соңынан келдім. Қазақстандық шорт-трекшілер дамып, нәтижелерін күн сайын жақсартуда. Мәселен, Әділ алғашқы Олимпиадасында финалға шықты. Мен оған ылғи да: «Жұмыс істе, еңбектен, сол кезде сен де тұғырға шығасың», – дейтінмін. Өйткені, оның жанарынан жастық шағымдағы өзімді көретінмін. Қазақстан спортшыларының болашағы зор. Барша қазақ халқына көп рахмет!» – дейді ағынан жарылып. Семен Елистратов Бейжің Олимпиадасынан бөлек, бірнеше қысқы додаларда бағы жанған спортшы. Мәселен, ол Сочиде өткен Олимпиадада да топ жарып, жеңімпаз атанған майталман спортшы.  

 

Ермек САХАРИЕВ
17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4780
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4946
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19896
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18549
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22004