«Qazaqstan dauiri» газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

«Qazaqstan dauiri» газеті  Тәуелсіздіктің төл құрдасы

1993 жылы газет өз үрдісін жалғап, негізгі айдарлар арқылы еліміздегі ең өзекті мәселелерді көтеріп отырған. Мәселен, дәл осы жылы 15 қараша күні Қазақстанның төл валютасы  – теңге айналымға енгізілген-ді. Бұл жаңалық газет назарынан тыс қалмады. Бұдан басқа ел өміріне қатысты көптеген өзекті мәселелер газет бетінен орын алды. Мысалы, С.Кәкімұлы мен Н.Ысқақтегінің «Түйткіл түйіндер, шабан шешімдер» атты ҚР Жоғарғы Кеңесі мен министрлер кабинетінің назарына жолдаған материалы, «Түркияға қазақтар қайдан келген?» (Ержан Уәйіс), «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» (Е.Уәйіс), Ислам әлемінде айдарымен «Қарт Памирде қара бұлт» (Ш.Құттаяқов), «Діни дастандар тағлымы» (Рахманқұл Бердібаев), Алаштың алтын қорынан «Ноғай», Ислам шежіресінен «Пайғамбарлар туралы хиссалар және халифалар тарихы». «Біреу білер, біреу білмес» айдарымен «Һарон халифа мен кембағал қарт», «Хорасан ата», «Алаштың алтын қорынан» «Өзбек хан», «Жәнібек хан», «Жүрекке жылы жаңалықтар» айдарымен қос елде болып жатқан ізгі жаңалықтар жайлы материалдар, т.б. осы сынды толып жатқан мақалалар қос ел – Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық байланыстың нығайып, беки түсуіне, сөйтіп, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларда олардың бір-біріне кірігіп, етене жақындай түсуіне зор рөл атқарды. Бұл жылдың ең үздік материалы –  «Біріксең беріксің, бір-біріңе серіксің» (Әбдіқадыр Дәуітбекұлы). 

1994 жылдың басты жаңалығы – осы жылы ғарыш кеңістігіне қазақтың екінші бір ұлы Талғат Мұсабаев көтерілді. Ол – «Союз-ТМ-19» ғарыш кемесінің борт-инженері болды. Дәл осы жылы Қазақстан мен РФ Байқоңыр космодромын жалдау туралы алдын ала келісім жасады. «Ақ ордадан ақпарат», «Елең еткізер оқиға» айдарымен «Мехметшілер Боснияға аттанды», «Әлем жаңалықтары», «Келіндерге бірер сөз» айдарымен З.Ахметова «Тез өтер қызық дәурен оң жақтағы», «Ойтүрткі» айдарымен «Астана атын ойлассақ» (Б.Бодаубай), «Ескі сүрлеуге жол берілмейді» (Енес Жансевер), «Мәйітті жерлеу және оны атқару дәстүрлері» (Халел Арғынбаев), «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Адамдар жаратылысы», «Ұлттық сана қоңырауы», «Қазақ хандығы»         (Қ.Салғараұлы), «Өнер және өмір» айдарымен «Жүректе жылы жыр қалып...» сұхбат, Ә.Асылбектегі), «Түркі әлемінде» айдарымен «Достық дәнекері», «Жәрмеңке жаңа істің бастауы» (Саттар Сапарбек), «Отанымызға иелік етейік» (Иса Юсуп Алыптегін), «Дара  тұлғалар» айдарымен «Нәзір» (А.Игенбаев), «Қасиетті мұра» айдарымен «Әзірет Сұлтан» (Жүсіпбек Аймауытов), Түркілердің бірігуі тарихы заңдылық. «Ұзынағаш соғысы» (Әбілхан Әбіласан), «Түркі халықтарының тарихы туралы әлемдік конгресс» (М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев), «Елу жылда ел жаңа» (Қуандық Шамақайұлы), «Қалыңдық айттыру, келін түсіру, жаушы жіберу» (Халел Арғынбаев), «Бөкей ордасы және Ислам» (Күләш Сопыбекова), «Білімді болу – әрбір жастың парызы» (Әли Қапйрал), «Азат» айтты деп алашты кінәлай ма? (М.Қайыңбаев), «Қазыналы Қаратаудағы Таңбалытас» (Маханбет Жәмекеұлы), т.б. Жылдың үздік мақаласы – «Ислам діні және оның жетекші жауапкершілігі» (Әли Байрам). 

1995 жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толуын мерекелеуге әзірлікті күшейту туралы Президент қаулысына қол қойылса, осы жылы аталған мерейтойға қатысты көптеген материалдар жарық көрді. Олардың қатарында «Ілесіп ұлы Абайға ілгерілеп» (Ш.Елеукенов), «Абай энциклопедиясы» (Таңатқан Рсаев), «Білімсіздер білімдіге жау болды» (Немат Келімбетов), «Абай ішіп үлгермеген у қандай?» (Серікқали Хасан), «Абайдың құрдасы «Әнияр» кім еді?» (Бейбіт Сапаралы), «Мәңгілік жан» (Талаптан Ахметжан», «Абайдың әлемдік тойы» (Қайырбек Асанов), «Түркі халықтарының шыққан тегі» (Амангелді Тұңғышұлы(, «Ұлттық идеологияның негізі бар» (М.Қайыңбаев), «Түркілер тарихынын» айдарымен Көктүріктер (Орхон Ұстаоғлы, А.Тұңғышұлы), «Саудаға да әділдік керек» (Ш.Қуандықов), «Зейнеткер ақшасыз, басшылар қалталы» (Ш.Қуандықов), «Ислам әлемі қан жылауда», «Әр соғысы жүректің Алла дейді», «Қорқынышты түс» (Еркін Дәржібай), «Абай тойы – халықтық мейрам», т.б. материалдар бар. Осы жылы Манастың туғанына 1000 жыл толуына орай «Манас тойы – ортақ той» атты мақала (Ш.Елеукенов) мен «Асқа қамдану» (Ә.Тәжібаев аудармасы) жарияланды. 

 

17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8776
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8176
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11405
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9159
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10390