«Qazaqstan dauiri» газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

«Qazaqstan dauiri» газеті Тәуелсіздіктің төл құрдасы

2006 жыл. Бұл жылы газетте «Депутатыңыз ойыңыздан шыға ма?», «Қамшыбасар-тұжырым», «Болмыс пен тұрмыс», «Бесігіңді түзе!», «Ұлттық рух», «Асыл мұра», «Намысың қайда, қазағым?!», «Мәселе», «Біздің сұхбат» тәрізді айдарлар бойынша мақалалар берілді.

Атап айтсақ, осы жылы «Еркіндігім – елдігім!» әдеби шығырма бәйгесі жарияланды. Сондай-ақ осы жылы «Хабар» телеарнасының «Азамат» бағдарламасы өздері көтерген мәселелерді қоғам айдарымен газет бетінде жариялап тұрды. «Депутатыңыз ойығңыздан шыға ма?» айдары бойынша алғашқы материалды Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілші Сүйеубай Байқадиұлы ұйымдастырды. Бұл эстафетаны Астанадағы тілшіміз Айдос Нұғыманов әрі қарай жалғастырып, одан соң Бабазар Ербақы іліп әкетті. «Саясат» айдары бойынша газеттің бас редакторы Ертай Айғалиұлы «Рухани байлығымыздың ең бастысы – тіл» атты мақалада Сәуле Мешітбайқызымен сұхбат жүргізді. «Ұлттық тілді мойындағанымыз – тәуелсіздікке тәу еткеніміз» (С.Күлімбетов), «Көбеге шыққан күбірткі», «Мүдделер тоғысқан аймақ», «Майлы бәліш», «Кімнің көзірі мықты?», «Шалағай жасалған жер кодексі», «Көкбөрілер Анталияда бас қосты» (А.Аляз), «Қара қазанның құлағы кімге тиер екен?», «Қазақстан ғарыштық держава бола ала ма?», «Ұлттық идея: қиял ма, шындық па?» (О.Сәбденмен сұхбат, Е.Сахариев), «Мемлекеттік тілдің бастауы – балабақшада» (С.Ниянқұлов), «ХХI ғасыр – түркілердің ғасыры» (А.Үсен), экономикадан «Мұсылман әлеміне тасталған бомба» (М.Бұлытай), «ДСҰ-ға кіру: «мен – саған», «сен – маған» (Е.Сахариев), «Қидың иісі шықпаса, ол несіне ауыл?» (Ш.Молдабек), «Мәселе» айдары бойынша «Қытайдағы қандастарымызға жұтылып кету қаупі төніп тұр!» (Қ.Әуесбай), «Ақылы автожолдар керек пе?», «БҰҰ-ны реформалау жолдары», «Трансшекаралық өзендер мәселесін қалай шешеміз?», «Жаһандану заманында ұлттық мәдениетімізді қалай сақтап қаламыз?», «Қазіргі қазақ жігіті қандай болуы керек?», «Ұлттық сәулетімізді қалай ұлықтаймыз?», «Эфтаназия ақтала ма?» («Азамат» бағдарламасы), ұлттық рух айдары бойынша «Ру емес, рух бойынша бірігер кез келді» (Қ.Бегмановпен сұхбат, «Әдебиет көші неге іркіліп тұр?» (Қ.Әбілқайыр), «Ұлтты өшіретін де, өсіретін де – әйел» (М.Шотай), «Намысың қайда, қазағым?!» айдары бойынша «Ленин – асқақ, Құрманғазы – мүгедек, Бұхар жырау – «Дон Кихот» (Ж.Тойбек), сондай-ақ, «Қазақстан-ZAMAN» газетінің «ХХI ғасыр ауылы қандай болуы керек?» экспедициясы 2006 жылы республиканың барлық облыстарын, ауыл-ауылды аралап, халықпен етегне жақын тіл табысты. Бұл жылы экология, дін, біздің сұхбат, денсаулық, қоғам, бесігіңді түзе айдарларымен бірқатар өзекті мәселелерді қаузаған мақалалар жарияланды. Ең үздік материал – «Ұлт тамырына балта шапқан миссионерлер» (Қ.Әбілқайыр). 

2007 жылы газетте негізінен «саясат», «экономика», «жанайқай», «түркі дүниесі», «тарих қатпары», «демография, «Тіл майданы: Оян, қазақ!», «Тұлға», «Сыр-сұхбат», «Айтылмаса сөз жетім» сынды айдарларға көбірек орын берілді. Сүбелі материалдар: Саясаттан: «Жаңа Үкіметтен не күтеміз?», «Әскери база желеу ғана», «Иран: шиеленіс түйінін кім шешеді?», «Тақталас додасы ширығып барады», «Таяу Шығыс: Қарулы қақтығыс толастар емес», «Өзін ғана ойлайтын депутаттан не үміт, не қайыр?», «Атом энергиясы көп елді қырқыстырары сөзсіз», «Палестина тағдыры Израильдің қолында», «Көмір бассейніндегі дүрбелең» (Е.Сахариев), «Қазақ халқын қорлау кімге тиімді?» (М.Шаханов), «Күмәнді үкіметтік емес ұйымдар кімге қызмет жасайды?» (М.Бөтеев), «Қазақстан саяси жүйесіндегі өзгерістер: себептері мен сипаты» (С.Жөкенұлы), «Өз тілін өгей ұл ғана менсінбейді» (Р.Әшеева), «Қасиетті тілімнің шешілер ме екен шідері?» (Ж.Кәрібайұлы), экономикадан «Алпауыттардың аранынан түсіп кетпелік» (Е.Сахаприев), «Жұртта қалған жеңіл өнеркәсіп» (А.Әділұлы), «Елу кәсіпкер 50 ауылды қамқорлыққа алды» (дөңгелек үстел), «Қанатты металл кімге бақ, кімге сор?» (К.Нысанова), «Ауылды көтеру – тәуелсіздікті нығайту» (К.Есберген), «Түркі әлемінің тарландары» айдарымен «Ағартушы әрі саясаткер Исмаил Бей Гаспыралы» (А.Аляз), «Тарих қатпары» айдарымен «Қытай қазақ қоғамының қалыптасу тарихы» (М.Исахан),  «Қара Қытай қаптаса» (К.Құттиев), «Түркі әлемі» айдары бойынша: «Түркияда Борабай көлінің бар екенін білесіз бе?» (Е.Демирел), «Ататүріктің Орта Азия турасындағы асқақ арманы», «Тілге батылдық керек» (А.Аляз), «Түрікке түріктен басқа дос жоқ!» (М.Жолдасбеков), «Тарих қатпары» айдарымен «Жер ананың құшағында жатқан тарих» (А.Тұржанов), «Қанқұйлы Қарабақ қырғыны» (К.Құттиев), «Қазақ хандығының «Алтын ғасыры», «Оспан батырдың қасиетті күресі», «Абақ Керей хандығы» «Түркі халықтарының бірлігі керек» (дөңгелек үстел, М.Исахан), «Теміртау оқиғасында қанша адам қырылды?» (Е.Жұмахметұлы), «Зұлмат заман зауалы» (Төлен Қаупынбаев), «Ұлт болам десең бесігіңді түзе» айдарымен «Миссионерлер жетімдер үйін улап жатыр», «32 мың «мал-қазақ», «Иса мәсіхшілердің айдауында кетіп барады» (Қ.Әбілқайыр), «Қазақстан-ZAMAN» газетінің «XXI ғасыр ауылы қандай болуы керек?» экспедициясының республика облыстарына жасаған сапарлары бойынша Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан көлемді материалдар берілді. «Жанайқай» айдарымен «Қытайда қазақ мектебі жойылып барады» (Б.Сұлтан),  «Экология және ұлт тағдыры» (Ұ.Мақсымталапқызы), бұдан басқа «Көкейкесті», «Сыр-сұхбат», «Тұлға», «Айтылмаса сөз жетім», «Тіл майданы», «Қамшыбасар-тұжырым» айдарлары бойынша бірқатар сүйекті мақалалар жарық көрді. Дәл осы жылы газетте «Жатыпоқыр» беті жарық көре бастады. Жылдың ең үздік мақаласы – «Тіл базарында балық үлесіп жатқандаймыз» (С.Шүкірұлы). 

 

Ермек САХАРИЕВ, Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 12
СОЗАҚТА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 20
Бақылау шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті - 24.04.2024 45

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 986
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7037
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10880
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7105
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7246