«Қазақстан маңызды өзгерістер кезеңінде»: Мазаир Панахов Құрылтай туралы

«Қазақстан маңызды өзгерістер кезеңінде»: Мазаир Панахов Құрылтай туралы

Бүгін, 23 тамызда Қазақстанның саяси тарихында маңызды оқиға – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл – елдің жаңа саяси жүйесіне бастау беретін тарихи науқан. Қазақстан азаматтары алғаш рет Құрылтай депутаттарын сайлап, ел болашағына қатысты өз таңдауын жасауда. Азаматтардың саяси таңдауын білдіретін жаңа институттың қалыптасуы – елдегі маңызды реформалардың жалғасы ретінде қарастырылады. Өйткені демократиялық институттардың нәтижелі жұмысы тек мемлекеттік құрылымдарға емес, әр азаматтың қоғамдық жауапкершілігі мен белсенділігіне де байланысты.

Сондай-ақ, Қазақстандағы саяси жаңғыруға жол бастаған Құрылтай сайлауы жайында халықаралық сарапшылар да пікір білдіріп, баға беруде. Солардың бірі – Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мазаир Магоммедоглы Панахов. Оның пікірінше, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар елдің саяси институттарын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. «Қазақстандағы саяси реформаларды қалай бағалайсыз?» деген сауалға жауап берген Мазаир Панахов елдегі өзгерістерге қатысты өз пікірін білдірді.

«Қазақстанда әрдайым сайлауалды дайындық жұмыстары жоғары дәрежеде атқарылады. Соған сай бүгінгі Құрылтай сайлауы өте жақсы өтіп жатыр. Халық емін-еркін өз таңдауын жасап, таңсәріден дауыс беруге келуде. Бұл да мемлекеттің ішкі тыныштығы мен жүйесінің дұрыс қойылғаны дер едім» ,- деп халықаралық сарапшы сайлаудың таңнан бері белсенді өтіп жатқанына назар аударды.

Сондай-ақ, Мазаир Могаммедоглы Әзірбайжан республикасы мен Қазақстан арасындағы тығыз достық қарым-қатынас сонау 2000 жылдардың бас кезінен бастау алғанын атап кетті.

«Екі ел өзара меморандум келісімін де алғашқылардың бірі болып жасаған еді. Бүгінгі сайлау Қазақстан үшін жаңа саяси бағыттың бастауы болмақ. Сайлаудағы сіз бен бізге қарапайым болып көрінген дүниелер негізінен өте маңызды», - деді.

Мазаир Магоммедоглы үшін Қазақстандағы сайлау үдерісімен танысу – жаңа тәжірибе емес. Әзірбайжанның ОСК төрағасы бұған дейін де Қазақстандағы сайлау процестеріне халықаралық бақылаушы ретінде бірнеше рет қатысқан. Еліміздегі саяси үдерістің бұл кезеңінде сарапшы пікірін білдіріп, сайлаудың жоғары дәрежеде өтіп жатқанын ерекше ықыласпен жеткізді.

«Әзірбайжан мемлекетінен бас-аяғы 16 бақылаушы келдік. Біздің міндетіміз сайлау процесін бақылау, қалай өтіп жатқанын дұрыс сараптау. Әр учаскеде сайлау процесі тыныш әрі жақсы өтіп жатыр дер едім», - деп сөзін қорытындылады Әзірбайжан мемлекеті ОСК-нің төрағасы.

Құрылтай сайлауы – тек депутаттарды таңдау ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси моделін қалыптастыратын тың белестің бастауы. 145 депутаттан тұратын жаңа органның алдағы бес жылдағы жұмысы заң шығару сапасына, партиялардың қоғамдық-саяси белсенділігіне және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне тікелей әсер етпек. Сондықтан бүгінгі сайлаудың басты мәні – жаңа Парламент құрамын жасақтаумен қатар, конституциялық реформадан кейін қалыптасқан жаңа саяси жүйенің іс жүзіндегі жұмысын бастауында болмақ.

23.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27157
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26657
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43992
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39746
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44328