Қазақстан мен Франция байланысы нығая түспек

Қазақстан мен Франция байланысы нығая түспек

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмманюэль Макронның шақыруымен Францияға мемлекеттік сапармен барды. Екіжақты келіссөздерден кейін екі ел басшысы БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Э.Макронға ризашылығын білдіріп, ерекше қонақжайлық көрсетіп жатқан француз халқына алғысын айтқан Қ.Тоқаев Франция Президентімен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігіне баса назар аударды. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, тараптар «жасыл» энергетика, сирек кездесетін шикізат, климат, су шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларына баса мән береді. Президент мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты қазақ-француз қатынасының алтын арқауы деп бағалап, осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайту өте маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жетекші жоғары оқу орындары арасында ғылым және технология бағыты бойынша байланысты дамыту мәселесіне тоқталды.

 Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон аймақтық және жаһандық маңызы бар өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты.

Эмманюэль Макрон климаттың өзгеруі және терроризммен күрес секілді жаһандық сын-қатерлерге қарсы күш біріктіру маңызды екеніне назар аударды. Сонымен қатар Франция Президенті екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту ұзақмерзімді перспективадағы орнықты және табысты серіктестікке негіз қалап, екі елдің өсіп-өркендеуіне жол ашатынын жеткізді.

 Баспасөз брифингі аяқталған соң Қазақстан мен Франция Президенттері стратегиялық серіктестікті одан әрі жандандыруға бағытталған Бірлескен декларация қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге мемлекеттік сапары аясында екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды. Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард долларды құрайтын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар.

qazdauiri.kz
07.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805