Қазақстан мен Қытай жаңа кезеңге бірлесе қадам баспақ

Қазақстан мен Қытай жаңа кезеңге бірлесе қадам баспақ

Бейжің қаласындағы Халық жиналысы үйінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізді. Өзара сенім мен достыққа негізделген кездесуде көшбасшылар Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардың ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті: «Бейжіңдегі Олимпиада ойындары бүкіл адамзат үшін жауапты сәтте өтіп жатыр. Бұл спорт сайыстары жаңаруға үндеп, пандемияның сын-қатерлерін еңсеруге үлес қосады. Сондықтан Сіздің шақыруыңызды зор қуанышпен қабыл алдым. Біздің еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерімізге берік достық ниет білдіріп, Жаңа Қазақстан құру жолында қажетті көмек көрсетуге дайындығыңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін.  Сіздің тиімді басшылығыңызбен қол жеткізген Қытай экономикасының даму жетістіктеріне жоғары баға беремін. Дипломатиялық қатынастар орнаған 30 жыл ішіндегі қазақ-қытай қатынастары дамып, екі ел күш біріктіре отырып, барлық саладағы стратегиялық серіктестіктің берік іргетасын қалады. Бұл ынтымақтастық мәңгі, жан-жақты және саяси конъюнктураға бағынышты емес. Бүгінгі келіссөз қазақ-қытай қарым-қатынасы тарихындағы сапалы әрі жаңа кезеңге бірлесе қадам басуға мүмкіндік береді», – деді. Қытай басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты әрі көреген басшылығымен Қазақстанның қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналатынына сенім білдірді. Сондай-ақ ол Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жұмысына және оның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларына жоғары баға берді. Кездесу соңында Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын қабыл алып, алдағы күзде елімізге мемлекеттік сапармен келу жөніндегі жоспарымен бөлісті. 

 

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 672
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8819
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8218
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11445
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9200
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429