Кезекті 18-і Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 2022 жылы Орынборда өтеді. Форум бетпе-бет кездесу форматында өтеді деп жоспарланып отыр. «2022 жылы кезекті өңіраралық форумы Ресейде өтуге тиіс. Біз Орынборды қарастырып жатырмыз. Мен бәрін бізге қонаққа шақырамын. Бетпе-бет кездесу форматында жиналамыз деген үміттемін», — деген болатын Ресей президенті Владимир Путин 17-і өңіраралық форумда. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы 2003 жылы Омбыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуінен кейін екі елде кезекпен өткізіліп келеді. Форумда екі ел лидерлері күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Президенттердің кездесуін шекара маңындағы өңірлердің бірінде өткізу игі дәстүрге айналған.