Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Төлепбергеннің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ЕЛ.Тоғжановқа депутаттық сауалы

Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  М. Төлепбергеннің Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ЕЛ.Тоғжановқа депутаттық сауалы

 

 

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев: «Жаңа Қазақстанды құру үшін түсінікті және әділ мемлекеттік саясат жүргізілуі керек» - деді. Билік пен қоғамның адал еңбек пен әділ ынталандыру идеологиясын ұстануы қажет екеніне назар аударды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі орасан зор.

Елімізде тіркелген 4750-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет  ететін сан мыңдаған журналистер  қауымының өзекті мәселесін көтеріп отырмыз.

Жалпы мемлекет тарапынан оларды қолдауға мейлінше көңіл бөлініп келеді. Мысалы, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 2022 жылы - 50,8 млрд. теңге бөлінсе, 2023 жылы – 48,4 млрд.  теңге , ал 2024 жылы – 47 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. Дегенмен, БАҚ сапасына, таралымына қатысты проблемалар баршылық. Солардың бірі – журналистерді ынталандыру жайы.

Атап айтқанда, отандық бұқаралық ақпарат құралдары (газеттер мен журналдар, радиолар мен телевидение және ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдар) өз авторларына қаламақы төлеуді тоқтатқалы көп жылдың жүзі болды. Авторлары ғана емес, бірлі-жарым редакцияның тиын-тебен беретінін айтпағанда, түгелге жуық баспасөз бен телевидениеде қаламақыны тілші-редакторлары да алмайды.

Ал, қаламақы дегеніміз – шығармашыл адамдардың, журналистер мен саналы ойлы авторлардың интеллектуалдық-рухани байлығының жемісі. Нарық жағдайындағы бірден -бір табыс көзі.

Дүние жүзінде дамыған елдеріндегі шығармашылық адамдар - ақындар, жазушылар, журналистер, режиссерлер, композиторлар, суретшілер өздерінің туындыларына бұйыртқан қаламақыларын алып отыр. Дамыған елдерде тіпті, сол қаламақымен күн көретін қаламгерлер де бар.

Журналистің еңбегіне төленетін қаламақының терең әлеуметтік факторы да бар. Оқырмандар мен көрермендер негізінен репутациясына дақ түспеген, кісілік ұстанымы мықты, сөзі дуалы, ойлы авторлардың туындыларын көріп, тыңдап, оқығанды қалайды. Бірақ, қоғамдық пікір туғызушы мұндай тұлғалар мен әйгілі адамдарды тарту үшін ынталандыру тетіктері қажет деп санаймыз.

Нарық заманында елімізде ерекше сұранысқа ие журналист мамандығының қадір-қасиетін бағалап, шығармашылық қарым-қабілетін барынша көрсетуге әлеуметтік-материалдық қолайлы, тиімді жағдай туғызуға да жаңаша көзқарас қажет.

Қозғалып отырған мәселеге байланысты, біріншіден, ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аталмыш саладағы әлемдік тәжірибені зерттеп, қаламақы жүйесін қайта енгізуге байланысты тиісті ұсыныстар әзірлеуін сұраймыз.

Екіншіден, түрлі деңгейдегі мерзімді  және электронды басылымдарға жылма-жыл беріліп келе жатқан мемлекеттік ақпаратттық саясат жөніндегі тапсырыстары аясында журналистер мен тұрақты авторларға нарық жүйесіндегі талаптарды сақтай отырып, «қаламақы қоры» деген арнайы тармақша енгізу керек деп  ұсынамыз.

Шығармашылық еңбекті тиісті дәрежеде бағалау мен ұшқыр қаламның ақысын қайтару - журналистиканың байырғы және жаңа заманғы рухани-әлеуметтік құндылықтарын қайтару деп білеміз.

Біздің сауалға жауапты тиісті заң талабына сәйкес белгіленген мерзімде беруіңізді сұраймыз.

 

 

 

16.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 205
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 201
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 706
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 829
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 743

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8900
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8294
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11522
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9278
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10506