Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі қандай?

Қазақстан халқы  Ассамблеясының  рөлі қандай?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 16 наурызда халыққа «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жария етті. Жолдаудың «Өкілді билік тармағын қайта құру» деген тармағында «Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін азайту туралы шешім қабылдадым. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргідей сайламайды, тек ұсынатын болады. Парламенттің төменгі палатасында еліміздегі түрлі саяси көзқарастар көрініс табуға тиіс. Ешкімге жасанды артықшылық берілмеуі керек. Осылайша, біз Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасын жоямыз. Менің ойымша, бұл – саяси жағынан да, заңдық тұрғыдан да дұрыс қадам. Бұл квота Сенатқа ауысады және 9-дан 5 депутатқа дейін кемиді. Соның нәтижесінде Мәжілістегі депутаттардың жалпы саны азаяды. «Аз болса да, саз болғаны» жақсы. Мұндай өзгеріс түрлі этностық топтарға мандат беріп, олардың үні жоғарғы палатада естілуіне мүмкіндік жасайды» деп жазылған. 

Осыған орай жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі М.Әзілхановтың төрағалығымен ассамблея кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысына ассамблея кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым мен жастар және БАҚ өкілдері қатысты. 

ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына депутатыққа кандидаттар ұсыну, сондай-ақ ҚХА және Ассамблея Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

Жиын барысында Марат Әзілханов ҚХА Кеңесі мүшелерінің ҚХА депутаттық корпусын қалыптастырудағы жұмысын жоғары бағалап, Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында жарияланған саяси реформалар бағдарламасын іске асыру мәселенің маңыздылығына тоқталды.

 – Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 292 Өкімімен 2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына депутаттыққа кандидаттарды сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы шақырылады. Сондықтан бүгін біздің алдымызда жауапты әрі маңызды конституциялық миссия тұр, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатты ұсыну, – деді Ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов. Ол сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру шеңберінде ҚХА мен оның кеңесінің құрамына тиісті өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

Өңірлік Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері, ҚХА қоғамдық институттары мен құрылымдары (ҰЭЖ, Аналар кеңестері, ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңестері, медиаторлар кеңестері, журналистер клубтары және т.б.), ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, қоғамдық бірлестіктер, этникалық БАҚ, жастар ұйымдары өкілдері, сондай-ақ өңірлердің ұсыныстарына сәйкес қоғамдық пікір көшбасшылары есебінен кеңейтілді. Бұл ретте «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңыздылығына сәйкес өңірлік ассамблеялар санының өсуін атап өткен жөн. ҚХА Кеңесінің құрамына оның мүшелерінің ұсынысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының өкілдері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жаңадан тағайындалған лауазымды адамдары енгізілді.

Кеңес отырысы барысында барлық шешімдер қатысушылардың дауыс беруімен қабылданды және Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Тоқаевтың келісіміне жіберіледі. ҚХА кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша М.Әзілханов барлық қатысушыларға белсенділік танытып жемісті еңбек атқарғандары үшін алғысын айтып, одан әрі қоғамдық келісім мен Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі игі істеріне табыс тіледі.

 – Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі маңызды оқиғалар қарсаңында өтті. Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес 28-29 сәуір күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс ХХХІ сессиясы өтеді. Осы жылы Сессия «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен жаңа форматта өтетінін атап өткім келеді. Сондықтан қазіргі таңда дайындық жұмыстары қызу үстінде, – деп қорытындылады Марат Әзілханов.

Тарихқа сәл шегініс жасап, Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан, қалай құрылды деген сұраққа келер болсақ, 1995 жылғы 1 наурызда ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде құрылды.  Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болған еді. Қазір Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып бекіді.

Дегенмен «халық айтса, қалт айтпайды» дегендей, бүгінде ел арасында «ассамблея өз миссиясын толық атқарып болды, енді оны тарату керек» деген пікір жиі көтеріліп жүр. Бірақ ассамблея жұмысын тұрақты түрде жалғастырып, күннен күнге өзінің потенциалын арттырып, позициясын күшейте түскенге ұқсайды. 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 110
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 255
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 469
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 430

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9130
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8527
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11754
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9523
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10735