Қазақстан халқының 7,6 млн адамы ауылда тұрады

Қазақстан халқының 7,6 млн адамы ауылда тұрады

Елімізде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі - 7,2%. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров сейсенбідегі Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды.

 

«Бүгінгі таңда республикамызда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады, жалпы еліміздегі халық санының 38,4%-ын құрайды. Бұл ретте табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен ауыл халқының үлесі - 7,2%, ал жұмыссыздық деңгейі - 4,7%. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі – 33% немесе 1,2 млн адам», - деді ол.

Министрдің мәлметінше, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, соңғы 10 жылда ауылдық елді мекендер саны 6 838-ден 6 256 дейін, яғни 582 бірлікке қысқарған.

«Негізінен, ауыл санының қысқаруы, халық саны 50 адамнан кем ауылдар жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізіледі. Министрлік жыл сайын Өңірлік стандарттар талаптарына сәйкес ауылдардың қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізеді. Мәселен, 2023 жылы қамтамасыз ету деңгейі 64,3%-ды құрады, ол 2022 жылмен салыстырғанда 2,1 тармаққа өсті. Бұл ретте, объектілермен және қызметтермен қамтамасыз етілудің ең жоғары деңгейі Маңғыстау – 72,4%, Атырау – 70% және Ақтөбе облыстарында – 69,6% байқалады. Қамтамасыз етілу деңгейі төмен келесі облыстар: ШҚО – 58%, Ұлытау – 57% және Абай – 55,4%», - деді Байбазаров.

Сонымен қатар, Өңірлік стандарттар көрсеткіштерін талдау нәтижелеріне сәйкес, қамтамасыз етудің жоғары және орташа деңгейі бар ауылдар санының артуы байқалады.

«Осылайша, қамтамасыз етілу деңгейі жоғары ауылдар саны 1 296 бірлікті құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 169 бірлікке артты. Сонымен қатар, көрсеткіштері төмен ауылдардың үлесі 1 676-дан 1 399 ауылға дейін азайды», - деді министр.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және Өңірлік стандарттармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп бірқатар жүйелі шаралар қабылдауда.

Azattyq Ruhy
19.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616