Қазақстан төрт мемлекеттік органға төтенше жағдай кезінде интернет пен байланысты бұғаттауға құқық берілді. Мұндай құқық әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген кезде байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдардың тізбесіне енгізілген өзгерістер арқылы берілді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Интернет қандай уақытта бұғатталуы мүмкін
Қазақстанда байланыс желілері мен құралдарының қызметі әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде тоқтатылуы мүмкін.
Мұндай кезде үкіметтік және президенттік байланыс, шұғыл қызметтердің желілері мен байланыс құралдары бұғатталмайды.
Интернетті бұғаттау құқы кімге берілген
Байланыс желілері мен құралдарын бұғаттау құқығы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Ішкі істер министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгіне берілген.
Құжат 2018 жылғы 28 қазанда күшіне енді.