Жыл сайын аң аулау объектілері болып саналатын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлеріне есеп жүргізіледі. Қазақстанда сирек кездесетін тұяқты жануарлардың саны өскен. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша тоғай бұғыларының саны – 1052 бас (2021 жылы – 976), қарақұйрықтың саны – 15 089 бас (2021 жылы – 14 894), құланның саны 4413 бас (2021 жылы – 4337), арқардың саны 19 730 басты (2021 жылы – 18 279) құраған.
"Елде Биоәртүрлілікті сақтаудың қазақстандық қауымдастығы және Биосаналуандылығын сақтау қоры сияқты жануарларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Бұл ұйымдар жануарлар дүниесін қорғау және қорғау саласында, оның ішінде жабайы жануарлардың сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген түрлерінің санын қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыс жүргізеді", – деп жазды үкімет басшысы.
Жалпы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында. Айта кетейік, Эколоия министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Охотзоопром" өндірістік коопреативімен бірлесіп жыл сайын аң аулау объектілері болып саналатын сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін есепке алып, табиғатты қорғау шаралары мен олардың популяциясына мониторинг жүргізеді. Биыл ол үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінен.