Қазақстандық ғылымды дамыту – Президент назарында

Қазақстандық   ғылымды дамыту –   Президент назарында

Соңғы жылдары еліміздің білім және ғылым саласында орын алып жатқан жағымды жаңалықтар ұстаздар мен ғалымдардың еңсесін серпілтіп, талайдан бері шешімін таппай жүрген ақтаңдақтардың орнын толтырғандай болды. Мемлекет басшысының пәрменімен ең әуелі педагог мәртебсін көтеру қолға алынды. Бұл бастамалардың нәтижесінде мұғалімдердің жалақылары өсіп, педагогтердің жұмысқа деген ынтасы арта түсті. Осы айтулы жаңалықтардың ізі суымай жатып ЖОО-лар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметіне жасалған бірқатар маңызды реформалар мемлекеттің білім беру және қазақстандық ғылымды дамыту жолында  жасаған маңызды қадамдарының бірі болып тарихқа енді. 

Былтыр қаңтардың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ірі бизнесмендерімен кездесуі кезінде «Болашақ» бағдарламасы туралы маңызды ұсынысын айтқаны есімізде. Тоқаев мырза осы жолғы кездесу кезінде: «Жалпы, еліміздегі білім беру жүйесін қайта форматтағым келеді. Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді және т.б. мамандық иелерін тым көп шығарып жатырмыз. Қазір білім саласын техникалық арнаға түсіруіміз керек. «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарды техникалық жоғары оқу орындарында оқуға, соның ішінде Ресейге, бәлкім тіпті ең алдымен, Ресейге жіберетін боламыз. Жалпы бәрімізге білім туралы көзқарасымызды өзгерту қажет. Гуманитарлық мамандықтармен әуестену кезеңі келмеске кетті. Басымдықты техникалық мамандықтарға беру қажет. Инженерлер мен өнеркәсіп өкілдерінің жаңа буынын өсіріп шығару қажет болып тұр», – деген еді.

Мемлекет басшысының 2022 жылы ақпан айында Ресей Федерациясына жасаған арнайы мемлекеттік сапары аясында аса маңызды 11 түрлі құжатқа қол қойылғаны есімізде. Соның ішінде 7 келісім тек қана білім-ғылым саласына қатысты болған еді. Бұлардың ең басында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум» тұрды. Онан кейінгілері Қазақстан Республикасы Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы мен Ресейдің іргелі оқу орындары мен зерттеу институттары арасында жасалған келісімдер еді.

Президенттің бұл сөзі еліміздің ғылым саласының болашағына жасалған маңызды бағдар болды. Сонан кейін басталған маңызды жаңалықтардың бірі  – Білім және ғылым министрлігінің өз ішінен екі министрлікке бөлініп қайта құрылуы. Президент баяндамасында айтылғандардың негізінде Ресейге жасаған мемлекеттік сапары аясында ғылым саласына қатысты бірнеше маңызды келісімдерге қол қойып қайтты. Бұдан бөлек елімізде шетелдің абыройлы оқу орындарының филиалдарын ашу бастамасы да маңызды жаңалықтардың бірі болды. Осы бастама аясында 2022 жылы елімізде халықаралық университеттердің үш өкілдігі ашылды.

Сондай жағымды жаңалықтардың бірі жақында жұртқа белгілі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың басында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Ақорда жақтан таралған ақжолтай хабарда Президент алдында есеп берген министр мырза Қонаев қаласында академиялық қалашық салу жұмыстары басталғандығын айтыпты.  Бұдан  бөлек биыл еліміздің бірнеше ЖОО-лары жанынан шетелдің  бес танымал университетінің филиалы ашылатындығы туралы белгілі болды. Бұл өз кезегінде дарынды жастардың елімізде жүріп-ақ шетелдің озық оқу орындарынан білім алуына мүмкіндік берсе, дарындыларды мемлекет қаражатынан шетелдерге жіберу мәселесіне де едәуір септігін тигізетін жоба дер едік. Осы маңызды кездесу кезінде Саясат Нұрбек мырза Президентке «2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының жобасын ұсынған» екен. «Құжатта аталған саланы дамытудың барлық стратегиялық міндеті мен көрсеткіші қамтылған» деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты. Министр бұдан бөлек ғылыми қызметкерлердің жалақысы 2 есе өскені және іргелі зерттеу жұмыстарымен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру мәселесі жөнінде баяндаған. Сондай-ақ «алдағы 3 жылда ғылыми жұмыстарды қаржыландыру 3,5 есеге артады», – депті.

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады  — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Біз шағын мақаламызға арқау етіп отырған бұл кездесуде бірнеше жағымды жаңалықтар айтылыпты. Солардың қатарында студенттер мен магистранттардың стипендиясын кезең-кезеңмен өсіру мәселесі, алдағы 7 жыл ішінде жыл сайын 10000 орындық жатақхана дайындау секілді жаңалықтар қарастырылған екен. Сондай-ақ «15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО базасында ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделін енгізу және академиялық басымдық орталықтарын құру мәселесі пысықталып жатыр» екен. Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге жуық арада ғылымды әкімшілендірудің жаңа моделіне көшу қажеттігі туралы тапсырма беріпті. Бұл өз кезегінде Президентіміздің ғылым саласына айрықша назар аударып отырғандығының бір көрінісі дер едік.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11402
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387