Қазақстандықтардың депозиті туралы ақпарат автоматты түрде салық органдарына жіберіледі

Қазақстандықтардың депозиті туралы ақпарат автоматты түрде салық органдарына жіберіледі
Қаржы министрлігі салық декларациясын тапсыру үлгісін белгілейтін бұйрық жобасын жариялады. Формадан бірнеше бөлік алынып тасталған.
 
Жобаға түсіндірме жазбада “оның мақсаты – жеке тұлғаның кірісі мен мүлкі туралы декларация нысанын (270.00-нысан) және декларацияланатын мәліметтерді оңтайландыру” делінген.
 
Салық үлгісінде декларацияланатын мәліметтер тізбесі қысқартылған. Одан кірістер (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері) және мүлік (сатып алу немесе иеліктен шығару туралы) туралы мәліметтер алынып тасталды.
 
270.00 формасын мына жерден көруге болады. Салық қызметкерлерінің нұсқауын мына жерден оқи аласыз.
 
Бұл мәліметтерді салық органдары мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Зейнетақы жинақтары бойынша ақпарат БЖЗҚ-дан, депозиттер бойынша банктерден, ал жалақы туралы жұмыс берушілерден автоматты түрде алынуы мүмкін.
 
Бұдан басқа, бұйрық жобасында жеке тұлғалар үшін салық декларациясын тапсырудың бірыңғай мерзімі — 15 қыркүйекке дейін белгіленген.
 
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайы, сондай-ақ қызметін тоқтатқандар немесе әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде тұрғандар тапсыруға тиіс.
 
Stan.kz ақпарат агенттігі
12.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620