Қазақстанның әлемдік туристік аренадағы деңгейі өсті

Қазақстанның әлемдік туристік аренадағы деңгейі өсті

30 қазан күні Visit Astana туристік бренді ретінде Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болды.

Астананың халықаралық ұйымға кіруі Қытайдың Хайнань провинциясының Санья қаласында 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтіп жатқан WTA Xianghu Dialogue 2024 халықаралық туристік форумы, WTA Annual Meeting аясында өтті.

Астана WTA-ға кіру арқылы туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады және Қазақстан астанасының туристік әлеуетін жаһандық деңгейде дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. 2024 жылы WTA-ға 22 жаңа ұйым қосылды.

Астана Дүниежүзілік туристік альянстың жаңа мүшесі ретінде халықаралық туризмді дамыту және шетелдік қонақтарды тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл біздің еліміздің әлемдік туристік аренадағы тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Бұл «Туризмді тұрақты дамыту», «халықаралық ынтымақтастықты нығайту», «елдер арасындағы туристік өзара іс-қимылды кеңейту»  тақырыптарын қамтитын  «Xianghu Dialogue 2024» форумы 1 қарашаға дейін жалғасады, оның барысында әлемнің 45 елінен келген туристік индустрия мен халықаралық ұйымдардың жетекші өкілдері қазіргі экономикалық үрдістер мен туризмнің жаңа бағыттарын талқылайды. Биылғы форум қатысушыларды туризм индустриясының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылауға шақыратын «Geared Up for a New Venture – The Future is Now» тақырыбымен өтіп жатыр. Дүниежүзілік туристік альянс – Қытайда құрылған халықаралық ұйым, ол ұлттық және аймақтық туристік бірлестіктерді, туристік компанияларды, дестинацияларды, ғылыми-зерттеу институттарын, БАҚ және басқа да мемлекеттік және жеке туристік субъектілерді біріктіреді.

Қазіргі уақытта WTA-ға 44 елден 242 мүше, оның ішінде 45-тен астам салалық қауымдастық, 80 ірі туристік компания және 14 оқу орны бар. WTA мүшелеріне CNN International, Qatar Tourism, Los Angeles Tourism & Convention Board, Japan Airlines, United Airlines, Hyatt Hotels, Aeroflot, Airbnb және басқалары сияқты танымал ұйымдар кіреді.

Саяжан ҚАЙДАР
08.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 88
  Алтын қолды дәрігер
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы - 08.12.2024 32
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 97
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 101
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 109
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 101
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 109
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 97
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 93
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 90
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 106
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 100
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 98

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10378
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9358
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12598
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11570
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16581