Қазақстанның Әскери доктринасы қайта әзірленді

Қазақстанның Әскери доктринасы қайта әзірленді

  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов: «Жаңа Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар қайта әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қазіргі заманғы сын-қатерге сәйкес Әскери доктрина қайта әзірленді. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы әзірленді. Осы жоба шеңберінде қару-жарақтың елімізде шығарылған үлгісін дайындау, оқ-дәрі қоймасын салу, қолданыстағы сақтау объектісін жетілдіру көзделген. Жауынгерлік даярлық іс-шарасы аясында «Батыл тойтарыс», «Айбалта», «Бекет» оқу-жаттығуы, «Алтын жебе» кешенді тексерісі, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде «Эшелон», «Іздеу», «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуы өткізілді. Әскери қызметшілер Беларусь, Үндістан, Иордания, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Ресей елдерінде өткен  оқу-жаттығуға қатысты. Сонымен қатар, Қарулы Күштер бөлімшелері жыл сайын өтетін армиялық халықаралық ойынға қатысуда. 34 елдің командасы арасында біздің команда жүлделі үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, ел Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жоспарында озық қарумен, басқару жүйесімен жабдықталған технологиялық мобильді армия құру, қорғаныс өнеркәсібін дамыту, әскери білім мен ғылымды жетілдіру, әскери қызмет беделін, Қазақстан армиясының абыройын арттыру, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру міндеті айқындалған. Әскер «Қуатты армия – Жаңа Қазақстан!» ұранымен осы айқындалған міндеттерді орындауға кірісті»,— деп мәлімдеді.

 

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 35
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 46
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 363
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 207

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18266
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18123
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33312
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31866
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35600