Қазақстанның өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады

Қазақстанның өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады
2023 жылғы 10 ақпанда ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының м.а. Айдар Әбілдабеков Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Жамбыл облысының шаруа қожалықтарының қоймаларында сақталған пияздың бар-жоғын және жай-күйін тексеру үшін болды. Облыс қоймаларында қазір 38 мың тоннаға жуық пияз бар. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыста күзде пияз сатып алынған болса, бүгінде бұл көкөніс 40-қа жуық сауда орындарына 115 теңге/кг, ал дүкендер өз кезегінде пиязды 128 теңге/кг бағамен сатылған. Сондай-ақ, Аспандияр Сейсебаев бүгінде Жамбыл облысындағы сауда нысандарын ғана емес, басқа өңірлерге де жеткізуге қажетті өнім қоры жеткілікті екенін атап өтті. Сапар барысында Тараздың сауда нүктелеріне, атап айтқанда, өңірдегі ірі "Вкусная Корзинка" азық-түлік дүкендерінің желілерінің біріне барды. Дүкендер желісі облыс бойынша 36 сауда нүктесінен тұрады. Бүгінгі таңда сауда желісіндегі пияз қоры 21 тоннаны құрайды, оның 5 тоннасы дүкен сөрелерінде, ал 16 тоннасы кәсіпорын қоймасында. Сауда нүктелерінде бір килограмм пияздың бағасы 128 теңгені құрайды. – Жамбыл облысындағы көкөніс қоймаларына барып, біз пияздың қоймаларда елдің ішкі нарығының ағымдағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде бар екеніне көз жеткіздік. Өздеріңіз білетіндей, осы аптада ҚР Премьер-Министрі тұрақтандыру қорынан қорларды броньсыздандыруды және тауарлық интервенцияларды бастауды тапсырды, сондықтан ӘКК пияз қорларын сатуы, сол арқылы бүкіл ел бойынша сауда объектілерін пияздың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс", – деді Айдар Әбілдабеков. Қалыптасқан резервтерден көкөністерді босату бағаны тұрақтандыру бойынша қолданыстағы шараларды қолдану шеңберінде жүргізіледі, оның ішінде елдің барлық өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда объектілеріне көкөністерді төмендетілген бағамен сату бойынша тауарлық интервенциялар басталды.
Жамбыл облысы әкімдігі
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 113
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 126
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 216
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 216
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 585
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 528

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9234
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8630
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11856
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9626
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10839