Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылаумен аяқталды

Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерін талқылаумен аяқталды

Астана, 4 желтоқсан. Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогындағы төрағалығы аяқталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті.

Осы жылдың қорытынды конференциясы «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және орнықты бірлескен шешімдер іздеу» тақырыбына арналды. Талқылауға Қазақстан және Өзбекстан парламенттерінің спикерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

 

 

Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына 2023 жылғы төрағалығын қорытындылай келе, осы уақыт ішінде диалог алаңында инновациялар мен технологияларды, жаһандық аспектідегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті дамыту, климаттың өзгеруі, терроризм мен экстремизмге қарсы күресте әйелдер мен жастардың рөлі сияқты өзекті мәселелер көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол осы отырыстың күн тәртібінің өзектілігіне тоқталды.

– Қазақстан адам құқықтары, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік және басқа да көптеген халықаралық конвенцияларды ратификациялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Біз өтініш беру тәртібінен анықтау тәртібіне көштік. Бүгінде заң шығарушы ретінде жұмысты тереңдете түстік. Депутаттар осы саладағы заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеуге кірісті. Ең әуелі  біз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеуді жоспарлап отырмыз, –  деді Мәжіліс спикері.  

 

 

Ерлан Қошанов бұл мәселеде идеологиялық жұмысты дұрыс жүргізу қажеттігін де атап өтті.

– Отбасындағы ерлердің толық үстемдігі туралы бұрмаланған идея өткеннің еншісінде қалуы керек. Мектеп қабырғасынан бастап жас ұрпақтың санасына дұрыс құндылықтарды сіңіру қажет. Халық арасында құқықтық мәдениет қалыптастырып, тұрмыстық вандализмнің кез келген түріне төзбеушілік танытқан жөн. Мемлекет басшысы айтқандай, әділдікті және заң үстемдігін қатаң ұстануға тиіспіз, – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева биылғы конференцияның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» аясында өтіп жатқанын, бұл Орталық Азияда зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен азат аумақ құруға деген ұмтылысты айқын көрсететініне назар аударды.

 

 

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева гендерлік зорлық-зомбылықпен күрестегі Өзбекстанның тәжірибесімен бөлісті.  Биыл онда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы заңнама қайта қаралған.

Ал Орталық Азиядағы гендерлік зорлық-зомбылықты заңнамалық деңгейде қылмыс деп таныған бірінші ел Қырғызстан болды. Бұл туралы Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасының орынбасары Жәмиля Исаева айтты.

Форум соңында делегаттар Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы конференциясына қатысушылардың «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және орнықты бірлескен шешімдер іздеу» атты мәлімдеме қабылдады. Диалог мүшелері өз мәлімдемесінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптайды және әйелдерді қорғау мен қолдаудың тиімді заңнамалық және құқықтық тетіктерін құруды қолдайды.

 

 

 

Қазақстанның 2023 жылғы Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогындағы төрағалығының қорытындылары:

Дания Еспаева Қазақстанның Диалогқа төрағалығы кезінде осы өңірлік алаңды институционалдық тұрғыдан нығайту бойынша ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Ол Диалогқа қатысушы барлық елдерге, БҰҰ Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығына, «БҰҰ–Әйелдер» ұйымына, БҰҰ Даму бағдарламасына және Еуропалық Одақтың бөлімшелеріне белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді.

Жыл бойы бірқатар іс-шара өтті. 2023 жылдың маусым айында Астанада өткен «Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі» конференциясында әйелдердің инновациялық жобалары мен жаңа технологиялары таныстырылды. «TechnoWomen Орталық Азия» әйелдер қауымдастығын құру бастамасы қолдау тапты, нәтижесінде Теңдік ұрпағы форумы аясында Қазақстан «Гендерлік теңдікке арналған технологиялар мен инновациялар» іс-әрекет коалициясына қосылды.

2023 жылдың қазан айында Алматыда азаматтық қоғамның, белсенділердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» халықаралық конференциясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарларының қағидаттарын іске асыру мәселелері талқыланды. Диалог мүшелері мен Орталық Азия елдерінің азаматтық қоғам өкілдерінің Еуропарламент құрылымдарының жұмысымен танысу үшін 2023 жылғы қарашадағы Брюссельге сапары жоғары бағаланды.

Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалық Қырғыз Республикасына өтті.

 

Анықтама үшін: Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогы аймақтағы әйелдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң болып табылады. Диалог 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Өткен жылдары Диалогқа Өзбекстан (2021) және Түркіменстан (2022) төрағалық етті. Диалог «БҰҰ-әйелдер» ұйымының, БҰҰ Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының (UNRCCA) және БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен құрылды және жұмыс істейді.

 

04.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678