«ҚАЗЫБЕК БИ АУДАНЫ ҚАЙТА АШЫЛСЫН!» деп өңірдің байырғы тұрғындары хат жолдады

«ҚАЗЫБЕК БИ АУДАНЫ ҚАЙТА АШЫЛСЫН!» деп өңірдің байырғы тұрғындары хат жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан ҚОШАНОВҚА

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі

Әлихан СМАЙЫЛОВҚА Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕККЕ

Ашық хат

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Егіндібұлақ өңірінің халқы Қазақстан халқына жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты биылғы Жолдауыңызды зор қуанышпен қарсы алды. Елімізде жаңа Абай, Ұлытау, Жеті- су облыстарының ашылатындығы тура- сында айтылған Сіздің Жолдауыңыздағы: «Мемлекетіміздің өркендеуі аймақтардың қуатты болуына тікелей байланысты. «Қуатты өңірлер – қуатты ел» деген ұста- ным әрдайым өзекті. Осы орайда еліміз- дегі әкімшілік-аумақтық құрылымның оңтайлы болуы өте маңызды», – деген ұстанымыңыз біздің сөнген үмітімізді қай- та жақты. Осы орайда Сізден Қазыбек би ауданы (1928-1963 ж.ж. – Қу, 1965-1993 ж.ж. – Егіндібұлақ, 1993-1997 ж.ж. – Қа- зыбек би) атанған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында саяси және экономикалық ахуал себебінен жабылып қалған мәсе- лені қайта қарауды сұраймыз.

Бұрынғы Қазыбек би ауданы – ұлты- мыздың тарихында алтын әріптермен жазылатын ірі оқиғалар өткен, ұлы тұлға- лар өмір сүрген қасиетті қоныстардың бірегейі. Осынау құнарлы топырақта Қазақ хандығының Орда биі Қаз дауы- сты Қазыбек би, Бекболат би, Тіленші би, аруақты би Алшынбай, күй тәңірі Тәттім- бет, өлең сөздің бұлбұлдары Қалдыбай мен Кемпірбай, Балта мен Мауқай, күре- скер ақын, әнші-композитор Мәди, ұлы Абайдың анасы Ұлжан, бәйбішесі Ділдә, атымтай жомарт Ақайдың Хасені, қоғам қайраткерлері Мұстақым Малдыбаев пен Нығымет Нұрмақов, әйгілі әншілер Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Қуан Лекеров, Нұғыман Әбішев, Жүсіпбек Елебеков, Мағауия Көшкімбаев басқа да тұлғалар, ақын-жазушылар, ғалымдар мен суретшілер өмір сүрді.

Алаш қозғалысының қайнар баста- уында тұрған «Қарқаралы петициясы» 1905 жылы осы өлкедегі атақты Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, Ресей импери- ясының билік органдарына жолданған болатын. Биылғы Қазақстан халқына Жолдауыңызда: «Біз тарихи әділдікті ор- натып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз», – деп айтқаныңыз құт қонған, ұлылар мекені болған өлкені қайта жаңғырту жолын көр- сетеді деп санаймыз.

Шаруашылығы өркендеп тұрған Қа- зыбек би ауданының 1997 жылы үстірт шешім салдарынан таратылып, Қарқа- ралыға, бір бөлігі Шығыс Қазақстан об- лысына берілуі онсыз да моральдық соққыға ұшырап отырған елге жасалған әділетсіз қысым болды. Халық күнкөрісі үшін жаппай облыс орталықтарына қа- рай үдере көшті. Аудан мәртебесінен айырылған өңірлерде тұрғындар саны азайып, тұрмыс сапасы төмендеп кет- кені айтпаса да түсінікті. Өйткені, Сіздің халыққа Жолдауыңызда: «әкімшілік-ау- мақтық өзгерістер мемлекеттік басқару үдерісін жеңілдетеді. Ішкі көші-қон мәсе- лесін реттеуге септігін тигізеді», – деген стратегиялық мәні бар ойыңыз осы жі- берілген олқылықтың орнын толтырады деп сенеміз.

Қазақстан халқына Жолдауыңызда: «Облыс орталығына бару үшін халықтың алысқа сабылуына тура келеді», – деген ойыңыз бұрынғы Қазыбек би ауданына қарасты жергілікті халықтың дәл қазір- гі күйін көрсетіп отыр. Өңір халқы жол азабынан қиындық көруде, атап айта- тын болсақ, аудан орталығынан шалғай- да орналасқан Едірей, Айрық, Мыржық, Арқалық, Абай, Шөптікөл, Қызылшілік, Қаратау ауылдарының тұрғындары бір жапырақ қағаз алу үшін 180-200 шақы- рым жерде орналасқан аудан орта- лығы Қарқаралыға және 400 шақырым қашықтағы облыс орталығы Қарағанды қаласына қиындықпен қатынайды.

Сізден Қазыбек би ауданы (1928-1963 жж. – Қу, 1965-1993 жж.

– Егіндібұлақ, 1993-1997 жж – Қазыбек

би) атанған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында саяси және экономикалық ахуал себебінен жабылып қалған мәселені қайта қа- рауды сұраймыз.

Ел азаматтары әр жылдары Пре- зидент пен Үкімет басшылығына Қазы- бек би ауданын қайта қалпына келтіру бойынша ұсыныстармен шығып отырға- нымен әзірше ешқандай нәтиже жоқ. Ал биыл Сіз Жолдауыңызда халықтың ұсыныстары мен қалауын ескеретініңіз жайлы айтқаныңызға орай, біздің өңір халқының бастамасы аяқсыз қалмайды деп сенеміз. Аудан ашылса ол экономи- калық тұрғыдан өзін-өзі қаржыланды- рады. Оның үстіне, қазіргі кезде өңірде жүздеген тұрғынға жұмыс тауып беруші Теректі кен-байыту комбинаты жұмыс істеп, жергілікті бюджетке қыруар салық төлейді. Өңірде зерттеліп, ашылуға таяу тұрған кен орындары тағы бар.

Бұл өңір ауылшаруашылығына өте қолайлы аймақ болып саналады. Аудан- ды қайтадан ашу ауылшаруашылығы- ның дамуына, мал басының қайтадан

көбеюіне және егістік жерлердің көлемін арттыруға мүмкіншіліктер беріп, еліміз- дегі азық-түлік өнімінің қорын жасақта- уға септігін тигізеді. Сонымен қатар Ба- лықтыкөл, Қарасор көлдерінде балық шаруашылығы кәсіпорындары ашылады. Бұл әрине, ауылға жұмыс күшін көбірек тартуды талап етеді. Қазір Қарағанды қаласының өзінде тұрақты жұмысы не белгілі бір игерген кәсібі жоқ жастар өте көп. Егер аудан қайтадан ашылса, осы жастардың туған жеріне ауылдарға қай- тып оралары анық. Жастардың еңбек етуге деген құлшынысы да, қабілеті де өте жоғары деңгейде. Сондықтан да Қа- зыбек би ауданы ашылар болса, аудан экономикасы мемлекеттік бюджеттен ақша сұрамай-ақ, өзін-өзі қаржыланды- рады деп сенеміз.

Мемлекетіміз жаңа ғана аяғынан қаз тұрған кезде таратылған Қазыбек би ауданын қалпына келтіретін уақыт келді. Қазіргі Жаңа Қазақстан әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алған, экономикасы ұдайы даму үстіндегі қуат- ты мемлекеттің біріне айналды. Бейбіт- шілік пен келісімді үлгі тұтқан Қазақстан болашақта да өркендей беретіні күмән- сіз. Егер Қазыбек би ауданы қайтадан ашылып, әкімшілік бөлініс қалпына кел- тірілсе, ол жер республиканың қара шаңырағын берік ұстау үшін қадалатын алтын уықтардың бірі болары анық.

Аудан жабылған жылдары жұмыс пен жайлы тұрмыс іздеп жан-жаққа бо- сып кеткен тұрғындардың көпшілігі туып- өскен жеріне оралуға әзір. Себебі қазіргі кезде қалада да жұмыс табу оңай емес. Шағын және орта бизнес үшін ауыл қо- лайлы екеніне адамдардың көзі жетті. Ау- дан таратылған ширек ғасырда мұндағы мемлекеттік мекемелер, коммуникация жүйесі, мәдени-әлеуметтік мекемелер (екі орта мектеп, Мәдениет үйі, полиция, сот, бала бақша, кітапхана, аурухана-емхана кешені, «Казпошта», «Қазтелеком», т.б.) сол күйі сақталып, жұмыс істеуде. Осын- дай жерге еліміздің оңтүстік өңіріндегі тығыз орналасқан халықтың бір бөлігін көшіруге де қолайлы болары анық.

Бүгінде елімізде Төле би және Әйтеке би атындағы аудандар бар. «Біз ұланғай- ыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ сана- сында жаңғырта береміз», – деп айтқан Сіздің тұжырымдамалық ойыңыздың негізі ретінде халқымыздың ынтымағы мен бірлігін нығайтудың символдық мәні Қазыбек би ауданы қайта өзі өніп-өскен ортада ашылса тарихи әділеттілік бола- ды деп санаймыз. Қазақтың үш биінің қа- тар аталуы – Жаңа Қазақстан қоғамының бірегейлігін білдіреді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Алты алаштың ардағы, қара қылды қақ жарған әділ би, көрнекті қоғам қайрат- кері, мәмілегер-дипломат, Қазақ елінің ұлы перзенті қаз дауысты Қазыбек бидің есімін өзі қоныс еткен жерінде ұлықтап, 1997 жылы тарап кеткен ауданды «Қазы- бек би ауданы» деген атаумен қайта ашу- ды Сізден сұраймыз.

 

Өзіңізге деген зор құрметпен, өңір тұрғындарының атынан:

1. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров, қазақтын тұңғыш ғарышкері, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы, профессор;

2. Ахмадия Сүлейменов, еңбек ардагері;

3. Ермек Балташұлы, журналист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері;

4. Зарқын Тайшыбай, Солтүстік Қазақстан университетінің про- фессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері;

5. Кәріпбек Күйіков, АТОМ жобасының құрметті елшісі, сурет- ші, антиядролық қозғалысының белсендісі;

6. Сайлау Біләлов, Социалистік Еңбек Ері, еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері;

7. Өмірзақ Дүйсенбеков, еңбек ардагері;

8. Ниқанбай Омарханов, еңбек ардагері, қоғам қайраткері;

9. Арман Қани, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықа-

ралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;

10. Жақан Мұхамедияров, атбегі, еңбек ардагері;

11. Сара Боранбаева, Егіндібұлақ ауылдық ардагерлер коми- тетінің төрайымы;

12. Рымбек Смағұлов, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан мәслихат- тарының құрметті депутаты;

13. Мақсым Алшынбай, заң саласының ардагері, Республикалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат;

14. Рымбек қажы Қорабаев, ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі;

15. Мұрат Нұрақышев, қоғам қайраткері, Қазыбек би және Қарқаралы ауданының құрметті азаматы;

16. Серік Қоңыров, ауылшаруашылығы саласының ардагері; 17. Сара Қоңырова, медицина саласының зейнеткері;

18. Нұржан Қорабаев, қаржыгер;

19. Нұрлан Қорабаев, заңгер;

20. Нұрсұлу Қорабаева, заңгер

21. Қуаныш Мақсұтов, ақын;

22. Кенжеғали Мыржықбай, Қазақстан Республикасының мәде-

ниет қайраткері;

23. Мейір Мубараков, Қарқаралы аудандық мәслихатының де-

путаты;

24. Ғазиза Смағұлова, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің

Құрметті қызметкері;

25. Алма Смағұлова, Қазақстан Республикасы Журналистер

одағының мүшесі;

26. Жұлдыз Тойбек, журналист-ақын, Қазақстан Республикасы

Журналистер одағының мүшесі;

27. Берлібек Әбдікәрімов, еңбек ардагері;

28. Боран Тергеубеков, палуан, атбегі;

29. Аман Ахметжанов, ақын;

30. Аманжол Қуанбай, журналист;

31. Ерқанат Қақабай, заңгер-құқықтанушы;

32. Балқан Сағатов, мұғалім;

33. Жанар Сембекова, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды универ-

ситетінің Журналистика кафедрасының меңгерушісі, профессор; 34. Жұлдыз Қарсыбаева, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды уни- верситетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымының

кандидаты;

35. Тілеуғалы Әміртаев, алаштанушы, ұстаз, қоғам белсендісі; 36. Амантай Дауыпбаев зейнеткер, Егіндібұлақ ауылдық

қоғамдастықтың төрағасы;

37. Нәзипа Асқар, Қазақстан Республикасы Журналистер одағы-

ның мүшесі;

38. Мұрат Омаров, зейнеткер;

39. Сағынжан Апақашев, Қазақстан Республикасы Ауылшару-

ашылық саласының үздігі;

40. Қайыржан Тоқышев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет саласының ардагері;

41. Раушан Жылтыбаева, Қазақстан Республикасы Мәдениет са-

ласының қайраткері

42. Ғазиза Смағұлова, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің

Құрметті қызметкері;

43. Мейірлан Қалиев, Егіндібұлақ мәдени-сауық орталығының

директоры;

44. Нұртас Смағұлов, тарихшы-зерттеуші, Е.А. Бөкетов атын-

дағы Қарағанды университеті тарих факультеті деканының орын- басары;

45. Жағыпар Әділет, тарихшы-зерттеуші, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті аға оқытушысы...

Барлығы 2000-ға жуық байырғы өңір тұрғындары қолдау көрсеткен.

07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 193
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 186
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 696
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 818
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 732

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495