Қарты бар ел—қазыналы ел. Жаңа жыл қарсаңында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан, халқына қамқор, еліне абыройлы, бірлік пен татулықты ту еткен қазыналы қарттарымызды құттықтап шықтым.
Соғыстың соңғы солдаты Ібіжанов Қабыл қарияға барып, қалын білдім. Ақсақал тың, аудандағы өтіп жатқан шаралардан хабардар. «Жеңістің 100 жылдығына аман жетсем» деген игі арманы бар, тілектес екенімізді жеткізіп, қарияға ғұмыр тіледік.
Өткен жыл аудан үшін абыройлы жыл болды. Елдігімізді көрсеткен идеологиялық мәні терең бірнеше іс шараларды атқардық. Соның басы-қасында ақсақалдарымыз жүрді, ақылдасып отырдық. Жыл аяғында қариялардың батасын алып, келер жылға қадамымызды нықтадық.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, әр отбасындағы қазыналы қариялар аман болсын!