ҚОҒАМ МҮЛКІН ҚИРАТУ – ҚАСАҚАНА ӘРЕКЕТ

ҚОҒАМ МҮЛКІН ҚИРАТУ – ҚАСАҚАНА ӘРЕКЕТ

«Тағзым» алаңы – өткен тарихымыздағы қанқұйлы соғыстарға, төтенше оқиғалар мен алапат апаттардың зардабын жоюға қатысқан жауынгерлер рухына бас иетін орын. Сол тұстан өткенде біздің бейбітшілік бесігінде тербетілген бүгінгі өміріміз жолында жанын пида еткендерге тағзым ету үшін алаң осылай аталған. 

Бүгін түнде көше кезген жастар осы алаңдағы бірнеше жарықшамды аяусыз қиратып кеткен. Бүтінді бүлдірген олардың әрекетіне құқықтық тұрғыда баға берілер, мұндайды «жаза басты, жастықпен істеді» деп ақтап алуға болмайды. Әрине, жарықшамдар көп ұзамай-ақ қайта қалпына келтірілді. Бірақ қоғамның, ортақ үйіміздің мүлкін бүлдіргендердің өрімдей жастар болғаны қынжылтты.  

Кейінгі жылдары қаламызды көркейтуге бюджеттен, әсіресе туған қаласының келбетті болғанын қалайтын меценаттар мен кәсіпкерлер есебінен қыруар қаржы бөлінуде. Тұрғын үйлердің қасбеттері әрленіп, көшелер кеңеюде. Қаншама ойын-спорт алаңдары пайдалануға берілді. Орталық алаңды қаланың ең көрікті орнына айналдыру үшін ауқымды жұмыс жоспарлануда.  

Жастар осынша игілік өздері үшін, тұрғындар үшін екенін түсінсе екен. Қоғамдық орын агрессияны сыртқа шығаратын, «батылдығын» бірдеңені бүлдіру арқылы дәлелдейтін жер емес. Көшедегі көрінген затқа тиісу тәртіпсіздік,  оған қолданылатын жаза бар. Бәріміздің таза, заманауи қалада өмір сүруіміз үшін салынған нысандарды  күтіп ұстау керек. 

Тәртіп бұзған  жастар ұсталды. Оларға заң аясында шара көріледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14272
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29413
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28051
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31580