Қоғамдағы жағдайларға бейжай қарамауымыз керек

Қоғамдағы жағдайларға бейжай  қарамауымыз керек

Алматы қаласының делегаты, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі директоры орынбасарының м.а., Алматы қаласы «AMANAT» партиясы Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Айдар Күнтубай партияның жастар қанатын одан әрі дамыту үшін маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтіп, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов мырзаға ұсыныс білдірді: «ТжКБ (колледждер) ұстаздарының жұмысшы мамандарды дайындауда үлкен күш-жігерін жұмсауы жайында болды. Колледж ұстаздарының жалақыларының есептелу деңгейін мектеп ұстаздарымен бір деңгейге жоғарылату ұсынылды. Жалпы қазіргі таңда ұстаздардың мәртебесіне қатысты, жалақыларына қатысты бірнеше мәселелер шешіліп, өз орындарын табуда. Басты мақсат – ТжКБ (колледждер) ұстаздарының, қызметкерлерінің деңгейін көтеру. Ералы Лұқпанұлы менің ұсынысымды қабыл алып, қарастырылатынын және бұл мәселе күн тәртібінде тұрғанын мәлімдеді. Бұндай ашық форматтағы кездесулерде жастарымызбен бірге бір толқында болып, көптеген пікірлер алмасылып, жастарға жаңа рух, жаңа серпін берілгендігі сезілді. Өткен съезден алған түйінім: Әрбір адам, жас болсын, басқа болсын, қоғамдағы жағдайларға, мәселелерге бей-жай қарамай, ол мәселені шешуге бар күш-жігерін салып, болашақтың баянды болуына кішкене болсын септігін тигізсе деймін. Өзгерісті бірінші кезекте өзімізден бастайық! Тарихи сәтте болып жатқан өзгерістерді өз көзіммен көргеніме өте қуаныштымын!» 

 

Рауан МУТАИР, Айсәуле КЕНГАШОВА
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5516
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5665
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20636
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19266
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22728