Қойнауы құтқа толы Қордай ауданы

Қойнауы құтқа толы Қордай ауданы

 

Жамбыл облысына арнайы іс-сапармен барған Ел анасы Сәуле Мешітбайқызы қойнауы құтқа толы Қордай ауданында болып, 29 сәуір күні Масанчи ауылдық  мектебінде Қарасу, Масанчи (Қарақоңыз), Қаракемер, Қарасай аулдарының тұрғындарымен кездесті. Экспедиция мүшелерін Қордай аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қабылтай Танат Үсеналыұлы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақмарал Мақсатқызы бастап барды.

Төрт ауылдың атқамінер азаматтары, мектеп басшылары, ауыл әкімдері мен ұстаздар қауымы Ел анасын аса құрметпен қарсы алып, көкейде жүрген бірнеше сауалдарын жолдап, пікір алмасты. Екі күннен бері экспедицияны бастап жүрген Қордай ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Таңат Үсеналыұлы жиналысты жүргізіп, Сәуле Мешітбайқызына сөз берді.

“Qazaqstan dauiri” газетінің бас директоры Сәуле Мешітбайқызы қоғамдағы бірқатар мәселелерді қаузап, бала тәрбиесі мен қоғам өркениетінің ілгері жылжуы бағытында кітап пен газет-журнал оқудың тиімділігі мол екенін атап өтті. Жиналған көпшілік те арнайы келген Ел анасын басылымымен жақсы таныс екендігін, тығыз байланыс орнатып отырғандарын жеткізді. Себебі бірнеше жыл бұрынғы «Қордай оқиғасы» кезінде «Qazaqstan dauiri» басылымы бірінші күннен бастап бұл мәселенің бейбіт, тыныш шешілуі жолында тынымсыз еңбек еткенін күллі Қордай жұртшылығы көзімен көрді. Оқиға ортасында жүріп халықты сабырға шақырып, әділ шешім шығуын қадағалап отырды.

Газетке тұрақты түрде мақала беріліп, тұтқынға алынған азаматтар ісінің оңды шешіліп, бостандыққа шығуына да сіңірген еңбегі зор болды. Сол себепті төрт ауылдың тұрғындары экспедиция тобын құшақ жая қарсы алып, емін-еркін өз ойларын жеткізіп, газет пен Сәуле Мешітбайқызының еңбегіне жоғары баға беріп, ақжарма тілектерін арнады. Сол байланыстың дәлелі – бүгінгі кездесудің сәтті болуы. Сонымен қатар Масанчи ауылы Жүсіпбек Аймауытов атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назерке Жорабекқызы бұл басылым сияқты ешқандай басылым оқырмандармен, ауыл халқымен кездесіп, ел аралап ақпараттандырмайтынын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ мектеп ұжымы мен әкімдік қызметкерлері келесі жарты жылдықта “Qazaqstan dauiri” газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналынабарынша жазылатындарын айтты. Келелі кездесуден кейін қазақтың ханы, ұлт батыры  Кенесары Қасымұлының басына барып, зиярат етіп, Құран оқуды да ұмытқан жоқпыз.

Екі күндік сапардың салмағы, хан бабамыздың атына бағышталған арнайы құраннан жеңілдей түскендей. Екі елдің ынтымақ, бірлігі үшін тарихқа да көз жұма қарайтын кез болады. Дегенмен Кенесары ханның жорықтары мен еткен ерлігін, ұлт үшін ұлы істердің басында болғанын, қазақ халқы үшін жанын пида еткендігін бар қазақ естен шығармауы тиіс.

 

Мұқағали Жамбылұлы

 

 

10.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6736
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6864
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21852
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20463
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23956