«ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

«ҚОНЫС АУДАРУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Түркістан облысында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағытыда өтетін өңіраралық «Қоныс аудару» жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңкені халқы тығыз орналасқан Сарыағаш пен Сайрам ауданында және Түркістан қаласында өткізу жоспарланған.
Іс-шараға Абай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облысынан жалпы 73 өкіл қатысып жатыр. Аталған жәрмеңкеге 6 өңір бойынша барлығы 11 657 бос жұмыс орны ұсыналады. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы – 1246, Абай облысы – 1279, Шығыс Қазақстан облысы – 2393, Павлодар облысы – 3464, Ұлытау облысы – 523, Қарағанды облысы – 2752 бос жұмыс орны бар.
Облыстық мәслихат депутаттары – Жаңабай Ағабеков және Уәлихан Рахиев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Күміс Мирова, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысып, сөз сөйледі.
2015 жылдан бері Түркістан облысынан еліміздің жұмыс күші жетіспейтін Солтүстік өңірлерге халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде облыстан 2015-2023 жылдар аралығында 13 758 адам қоныс аударған. 2023 жылдың қорытындысымен республика бойынша 6 727 квота белгіленсе, оның 29,3%-ы Түркістан облысынан қоныс аударғандар. Ал 2024 жылға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан республика бойынша 7050 квота бөлінген.
Айта кетсек, көшу шығыстарын өтеу бағдарлама қатысушыларына және олардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 тг) мөлшерінде көмек беріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620