Қордай ауданында биыл жалпы құны 32,5 млрд. теңге болатын 118 инвестициялық жоба қолға алынуда

Қордай ауданында биыл жалпы құны 32,5 млрд. теңге болатын 118 инвестициялық жоба қолға алынуда

Инвестициялық штабтың кезекті отырысында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы әкімінің, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының есептерін тыңдады.

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтің айтуынша, биыл жалпы құны 32,5 миллиард теңгені құрайтын 118 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Ол  бойынша 456 жаңа жұмыс орны ашу көзделген. Жобалардың қатарында сүт-тауарлы фермасын, құс фабрикасын, макарон цехын, көкөніс қоймасын, этно-туризм орталығын салу және тағы басқалар бар.

Қазіргі таңда аумақта «Monterra Qasaqstan» ЖШС тау-кен металлургия комбинатының, «KORCEM» ЖШС цемент зауытының құрылыстары жүзеге асуда. Ірі жобалардың қатарында «Eco – Chicken» модульдік құс фабрикасын салу (жылына 540 тонна құс етін өңдеу), «TARAZ EKO FISH» ЖШС форель өсіру (жылына 67 тонна өнім) бар.

- Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын құру. Ал бұл үшін аудан әкімдері жұмыспен қамту саласындағы ахуалға үнемі талдау жүргізіп отыруы тиіс. Сонда ғана жұмыссыздық мәселелерін шешуге бағытталған нақты іс - қимыл алгоритімін құруға болады, - деді облыс әкімі.

Ал, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Нағима Темірбекова 2022 жылдан 2025 жылға дейін жоспарланған тауарлы балық өндіру жобалары туралы баяндады. Аймақ басшысы бір апта ішінде бұл бағыттағы өзекті мәселелерді мұқият зерделеп, жан-жақты талдау жүргізуді тапсырды.

Инвестштаб барысында «Tas Market-Komir» ЖШС компаниясының өкілдерімен қуаттылығы жылына 45 мың тонна ферроқорытпалар шығаратын зауыт салу, «Асқар-Тау» ЖШС – тауарлық бетон шығару жөніндегі жобаға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Жамбыл облысы әкімдігі
02.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 159
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 198
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 159
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 305
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 525
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 476

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785