Қордай ауданында «Ең үздік аула» анықталды 

Қордай ауданында «Ең үздік аула» анықталды 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен                8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қордай ауданында жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Соның ішінде «Ең үздік аула» акциясын айрықша атап өтуге болады. 

Республикалық экологиялық акцияға белсенді қатысып, өз ауласын таза ұстай отырып, қоғамдық орындарға жасалған сенбілік жұмыстарына да қатысқан ауыл тұрғынын анықтау, игі ісін көпке үлгі ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, конкурсқа қатысушы аулаларды аралап шықты.

  Талап бойынша, үй айналасын мұнтаздай етіп қана қоймай, көгалдандыру жұмыстарын аула сыртына да жасау маңызды болды. Тазалық жұмыстарын барлық талапқа сай орындап, азаматтық танытқан аула иесін табу аса қиындық туғызған жоқ. 

«Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы арқылы Қордай ауылындағы өз ауласының тазалығымен қатар, қоғамдық орындардың да таза, көрікті болуына үлес қосуға ниетті тұрғындардың қатары көп екендігін байқадық. Бұл, әрине қуантарлық жағдай. Бүгінгі «Ең үздік» аула акциясының жеңімпазын анықтау аса күрделі іс болған жоқ,- деп атап өтті Қордай ауылының әкімі Ә.Қаспақбаев.

Арнайы құрылған комиссия мүшелері «Ең үздік аула» номинациясын Қордай ауылындағы Ю.Гагарин көшесі №19 үйдің тұрғыны Байшымыров Болар беріп,  арнайы алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. 

Бұл азамат жыл сайын көктемгі және күзгі абаттандыру айлықтарына белсене қатысып, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін осылай көрсетіп келе жатқан жан. 

«Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде», демекші, ауланың тазалығына, көгалдандыру жұмыстарына баса назар аударамын. Мұны, балаларыма да үнемі айтып келемін. Қазір аулада көріп тұрған жеміс ағаштары мен гүлдерді баптауға немеремді үйретіп жүрмін. Ауылдың тазалығына әркім өз ауласын таза ұстау арқылы үлес қоса алады. Осыны барша жерлестеріміз, әсіресе жастар ұғынса дейміз. Өйткені, ауылына қарап азаматын таныған елміз. Ендеше, бұл жұмыстарға барша қордайлықтар жұмыла кірседі деген ойдамын», - деп, Болар ақсақал ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 673
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8820
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429