Қордайда мемлекеттік тілді үйрету аясы кеңейтілуде

Қордайда мемлекеттік тілді үйрету аясы кеңейтілуде

2023 жылдың 30 қаңтар күні Қордай ауданында басталған этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған кешенді шаралар жалғасуда. 7 ақпанға дейін жалғасатын шаралар қатарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге этнос өкілдерін ынталандыру мақсатындағы шараларға басымдық берілген. Осы мақсаттағы шаралар қатары 02 ақпан күні Сортөбе ауылында ұйымдастырылды.  Мәселен, округтегі аралас мектеп оқушылары «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында қазақ халқының мақал-мәтелдері мен даналық сөздеріне шолу жасап, туған жер, тіл, достық, бірлік туралы мақал-мәтелдер мен ұлы тұлғалардың даналық сөздерін жатқа айтты. Сондай-ақ, Сортөбе ауылындағы М.Лермонтов атындағы №16 орта мектебінде Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері арасында «Мен қазақша сөйлеймін» байқауы өтсе, №50 орта мектепте  «Бір – Отан, бір – тіл, Тәуелсіз ел» атты тақырыбында өткен кездесуге мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысып, ой талқы алаңын ұйымдастырды. Аталған шараларға Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетова мен аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай арнайы қатысты. Айта кетейік, қазіргі кезде Қордайда қазақ тілін үйренуге ниет білдірген өзге этнос өкілдерінің қатары көбейіп келеді. Тисінше аудан тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгеру көрсеткіші артқан. 2022 жылдың 12 айында жалпы 82 топ, 992 тыңдаушы оқуға қамтылса, 2023 жылдың қаңтар айында ашылған топтардың саны 25 топ, 293 тыңдаушы. Жалпы 1037 тыңдаушы бар. Сондай-ақ, аудан, ауыл тұрғындарына  қазақ тілінің қарапайым деңгейін QAZOHLINE  мобильді қосымшасы арқылы, «Отбасында қазақ тілін бірге үйренейік!» сөздігі, ақпараттық және жарнамалық парақшалар, 56 түрлі оқулық таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

03.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 117
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 130
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 221
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 221
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 358
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 358
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 589
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 532

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9238
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8634
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11860
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9631
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10843