Қордайда қомақты іс көп

Қордайда қомақты іс көп

Халықтың табысы артып, елдің әлеуметтік жағдайының түзелуі, тұрғындардың тәуір тұрмыс кешуі жұртшылықтың тұрақты жұмыспен көбірек қамтылуына байланысты. Бұл мүмкін болмаған жағдайда еңбек нарығындағы сұранысқа орай кадр даярлау, жастарды жұмысшы мамандығына оқыту, бизнеске ебі барларды кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту курсынан өткізу, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты әлеуметтік, уақытша жұмыс орындарымен қамту – басты мақсат.

Мемлекетіміздің әлеуметтік салада жүргізіп отырған негізгі саясатының бірі осы. Өйткені халық арасында еңбекке қабілетті бола тұра тұрақты немесе уақытша жұмыс орнымен қамтылмағандар әлі де жетерлік. Сол үшін қазір елімізде бос жүрген азаматтарға қайта мамандық беру, әлеуметтік жағынан халықтың осал тобына жататындарға төмендетілген несие, қайтарымсыз қаржы үлестіріп, өз күнін өзі көретіндей дәрежеге жеткізу, түрлі бағдарлама мен жобалар арқылы жұмыс таппай жүргендердің қолына жолдама беру ісі қарқынды жүргізілуде. Жалпылама айтқанда, осының барлығын қазір біз «халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту» деп жүрміз. Бұл бағыттағы шаруаны облыс орталығы және аудандарда орналасқан мансаптық орталықтар жүзеге асырумен айналысуда.
Қордай ауданында 150 мың халық болса, осы жылдың қыркүйек айына дейін 1 897 адам ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген екен. Қордай аудандық мансаптық орталық директоры Саламат Көпешовтің айтуынша, жыл басынан бері 4 865 азамат орталыққа қайырылса, соның барлығына көмек көрсетіліп, кейбіріне кеңес берілген. Жалпы ауданда 4 953 адам әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған.
– 2023 жылға халықты жұмыспен қамту саласы бойынша 1 340 321 мың теңге бөлініп, қаралған қаражаттың 670 121,1 мың теңгесі, яғни 50 пайызы игерілді. Бұл қаржылар халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бағытына жұмсалуда. Жұртшылықты қысқамерзімді оқыту курсымен қамтамасыз ету мақсатында осы жылға 50 азаматты қысқамерзімді кәсіптік оқытудан өткізу үшін облыстық бюджеттен 11 452 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл бойынша жұмыс орындарында 40 адамды оқу курсынан өткізу және 217 адамды онлайн оқыту жоспарланған болатын. Есепті кезеңде 220 азамат онлайн оқыту курсын аяқтады.
Биыл «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 400 қордайлықты оқыту көзделген. Бүгінгі күнге аудан көлемінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 794 адам оқуын аяқтап, олар тиісті сертификаттарын қолына алды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру мақсатында 2023 жылы аудан бойынша 100 азаматқа 138 000 теңге қаражат қаралды.
Қазіргі таңда аталған мемлекеттік грантқа 49 адам қол жеткізіп, олар өздері қолға алған іске құлшына кірісті. Ол үшін қарастырылған қаражаттың 67 620 мың теңгесі 49 азаматқа беріліп, елге үлестірілетін қайтарымсыз қаржының 49 пайызы игерілді, – дейді Саламат Берікбайұлы.
Қайтарымсыз қаржы алғандардың ішінде 29 көпбалалы отбасы, 9 мүгедектігі бар азамат, 5 ерекше қажеттілігі бар бала асыраушы, 4 асыраушысынан айырылған және 2 қандас бар. Мемлекеттік грантты иеленгендердің ішінен 23-і қаржысын технологиялық жабдықтар және түрлі қажетті құрал алуға, 26-сы малшаруашылығын дамытуға жұмсаған.
– Президенттің былтырғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес осы жылы жастарға 2,5 пайызбен шағын несие беру мақсатында аудан бойынша 45 тұрғынға 225 миллион теңгеге шағын несие беру жоспарланды. Қазіргі таңда 35 жас 150 000,6 мың теңге көлемінде шағын несие алды.
Ақылы қоғамдық жұмыстармен 1 015 адамды қамтуға 870 300 мың теңге, оның ішінде 840 420 мың теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер есебінен, қалғаны жергілікті бюджет есебінен бөлінді. Қазіргі уақытта 1 037 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, қаралған қаражаттың 480 096,7 мың теңгесі игерілді.
«Жастар тәжірибесі» арқылы аудандағы жас мамандарды жұмысқа орналастыру үшін 290 адамға 159 203 мың теңге жалпы сипаттағы трансферттер есебінен қарастырылып, бүгінде 173 азамат әртүрлі мекемеге тәжірибе жинауға жіберілді. Қаралған қаражаттың 41,5 пайызы жаратылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 85 адамға 26 112 мың теңге бөлінді. Есепті кезеңде 91 азамат жұмысқа жолданып, қаралған қаражаттың 11 500,2 мың теңгесі игерілді.
«Алғашқы жұмыс орын» жобасы бойынша 64 азаматты жұмыспен қамту мақсатында 79 488 мың теңге республикалық бюджеттен бөлініп, 37 азамат жұмысқа жолданды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 3 азаматты жұмысқа орналастыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1 863 мың теңге қаражат қарастырылған. Қазір үшеуі де мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, оларға бекітіліп берілген тәлімгерлер білгенін үйретуде.
«Күміс жас» жобасы бойынша 84 азаматты жұмыспен қамту мақсатында 53 903 мың теңге жалпы сипаттағы трансферттер есебінен қарастырылды. Бүгінде 85 адам осы жоба аясында жұмысқа жолданса, игерілген қаржы көрсеткіші 57,4 пайызды құрап отыр, – деді С.Көпешов.
Біз аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылу барысындағы атқарылған шаруаны тілге тиек етіп отырмыз. Сөз басында 150 мың халқы бар қордайлықтар арасында қаншауы жұмыссыз ретінде тіркелгенін де сөз еттік. Десе де осыншама тұрғыны бар ауданда жұмысы болса, басында баспанасы жоқ, баспанасы болса, жұмысы жоқ тұрғындар әлі де бар екені даусыз.
Жалпы облыс тұрғындарын жұмыспен қамтудың тағы бір тетігі – көші-қон саясатын жүзеге асыру. Яғни өңірде бос жүрген азаматтарды отбасымен солтүстік өңірлерге көшіру арқылы да жұмыссыздық санын біршама азайтуға болады. Дегенмен ол жаққа бет алған көш арасындағы отбасының ішінде кем дегенде біреуі белгілі бір мамандық иесі болуы қажет. Тау-тасы таңсық, ой-шұқыры беймәлім өңірге бір отбасы жоқ дегенде бір адамға арқа сүйеп барғаны абзал. Мемлекеттің көмегіне арқа сүйеп барған сол отбасыға жергілікті атқарушы орган баспана және тұрақты жұмыс ұсынуға міндетті. Бұл саясат солтүстікте халық санының азаюымен байланысты болып отыр. Тіпті кейбір ауылдағы мектептер жабылудың алдында тұрса, кейбір ауылдар қаңырап бос қалуға жақын.
Осы орайда халқы сиреген өңірлерге Қордай ауданынан да тұрғындар көшіп барып, мүлгіген ауылдардың тамырына қан жүгіртуге, еңбек дүбірін қыздыруға үлес қосып жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, солтүстік өңірлерге Қордай ауданы бойынша тоғыз отбасы көшіп барса, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 9 адамнан құралған 2 отбасы, Павлодар облысына үш адамнан тұратын үш отбасы қоныс аударыпты. 7 адамы бар екі отбасы Шығыс Қазақстан облысына, 8 адамнан тұратын 2 отбасы Қостанай облысына көшіп барған екен. Осы арқылы олар басына баспана, өздеріне жұмыс тауып отыр. Ауданда солтүстікке көшуге ниеттенгендер болса, оларға шектеу болмайтыны, алдағы уақытта да қолдау көрсетіле беретіні анық. Өйткені оңтүстіктіктерге жұмыс, солтүстіктіктерге жұмыс күші қажет.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ, arainfo.kz
14.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 82
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711