Қордайда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Қордайда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қордай ауданы Қарасу ауылында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысып, ауылдықтарды қуанышымен құттықтады.

Жалпы құны 342 миллион теңгені құраған нысан құрылысын «Тараз-ҚұрылысИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Мұнда ауыл тұрғындары спорттың 10-ға жуық түрімен айналысатын болады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт арқылы ұлт саулығын тұрақты дамыту мақсатындағы стратегиялық бағыты қашан да маңызды.

Елімізде бұқаралық және балалар спортын дамытуға барлық жағдай жасалуда. Өңірімізде де бұл саланың дамуына айрықша көңіл бөлінуде.
Бүгін ел игілігіне беріліп отырған спорт кешенінен болашақ әлем чемпиондары мен жүлдегерлеріның шығатынына сенімім мол, - дей келе Ербол Қарашөкеев салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Айта кету керек, қазіргі таңда облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар қатары 489 мыңнан астам адамға немесе облыс тұрғындарының 40 пайызына жеткен.
Жалпы, облыстың спорт саласын дамыту үшін 13,9 млрд. теңге бөлінді.

Өткен жылы өңірде 4 спорт нысаны мен 62 спорт алаңшасы қолданысқа берілсе, биыл 16 спорт нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.
 
Ал, аудан бойынша  жалпы 352 спорттық нысан жұмыс істесе, соның жалғасы ретінде бүгін ашылғалы отырған заманауи үлгідегі, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген спорт кешені ел игілігіне қызмет ететін болады.

Салтанатты шарада Қарасу ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Бақыт Момаханов сөз алып, тұрғындар атынан ризашылығын жеткізді.

Жаңа нысанның лентасы қиылғаннан соң аймақ басшысы кешенді аралап, спортты серік еткен жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

Жамбыл облысы әкімдігі
14.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 107
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 434
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 398

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9091
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8489
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11717
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9482
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10697