Референдум

Қоршаған ортаны қорғау – маңызды міндет

Қоршаған ортаны қорғау – маңызды міндет

Қазақстан Үкіметі соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, орманды алқаптардың аумағын кеңейту, қалдықтарды азайту, биоалуантүрлілікті қорғау және атмосфералық ауаның жағдайын жақсартуға ауқымды жобаларды қолға алып жатыр. Үкіметтік деңгейде басталған жұмыстар аяқсыз қалған жоқ. Біз төменде атқарылған шаруалар жайлы қысқаша тоқтала кетуді жөн көрдік. 

Қазақстанда Президенттік тікелей тапсырмасымен 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында 60 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Жобаның негізгі мақсаты халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Жалпы, Ұлттық жоба 11  міндеттен тұрады, олар бойынша 19 көрсеткіш және 48 іс-шара айқындалған. Жоба аясында, мемлекет бойынша 2027 жылға дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу жоспарланғандығын айта кеткен жөн. Бұл шаралар климаттың өзгеруін бәсеңдетуді, ауаның сапасын жақсартуды және шөлейттену процесін азайтуды көздейді. 

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды шаралардың қатарында қалдықтарды басқару және экологиялық акцияларды да атап өту керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қазіргі күнде дәстүрге айналды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тазалау, сондай-ақ халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция табиғатқа ұқыпты қарауды дәріптеп, жасыл желектерді көбейтуге және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Үкімет таратқан мәліметтерге жүгінсек, 2024 жылдың қорытындысы бойынша экологиялық акцияларға 6,2 млн адам қатысып, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды, шамамен 1,6 млн түп ағаш егілген екен. Ал 2025 жылдың қортындысы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1294 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып өткізілген. Оларға 7 млн-нан астам адам қатысқан. Іс-шаралар аясында 844 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 1 млн гектардан астам аумақ тазартылған. 3 млн ағаш отырғызылған. Келесі бір маңызды бағыт – Арал теңізі аймағын қалпына келтіру төңірегінде жүргізіліп жатыр. Бұл шындап келгенде халықаралық деңгейдегі ауқымды шара болып табылады. Қазіргі таңда Арал теңізінің құрғап қалған табанында экожүйені қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. 2021-2024 жылдары теңіздің құрғаған табанында 475 мың гектар жерге сексеуіл отырғызылды. Бұл орман белдеулері шаң мен тұз дауылдарының таралуын азайтып, аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Қоршаған ортаны қорғау және тұрмыс сапасын арттыруда ауа сапасын жақсарту аса маңызды екені белгілі. Елімізде бұл бағытта қыруар шаруа жүзеге асты. Әсіресе қалаласудың ұлғаюы бұл тақырыпты маңызды орынға шығарғаны белгілі. Мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптар күшейіп келеді. Ресми ақпараттарға қарағанда, Қазақстанда кәсіпорындар атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың 93,4%-ын «еншілеп» отыр екен. Дегенмен, мемлекеттік деңгейде қолға алынған шаралардың нәтижесінде, талап күшейгендіктен, жақсы өзгерістер өмірге келіп жатыр. Соңғы жылдары кейбір өңірлерде ауаға шығарылатын зиянды заттардың көлемі біртіндеп азайған.  Биолоалуантүрлілікті қорғау басты назарда тұр. Мұнда еліміз аумағында сирек кездесетін жануарларды қорғау және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жолында істеліп жатқан шараларды айта кету керек. Мысалы үшін, Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бастамасы жүзеге асырылып жатыр. Қазақстандағы құланды қайта жерсіндіру, құлан популяциясын қайта қалпына келтіру,  бұқар бұғысын өсіру бағытында да қыруар жұмыстар атқарылды.

Үкіметтің әрқайсы министрліктерді жұмылдыра отырып бастаған осындай қыруар жобалары бұл күндері жақсы нәтижелерін көрсете бастады. Осының арқасында еліміз аумағында орман алқаптары ұлғайып, қалдықтарды басқару жүйесі дамып келеді. Сондай-ақ биоалуантүрлілікті қорғау жобалары сәтті іске асырылуда. Бұларға қосымша өнеркәсіптік шығарындыларды бақылауға қаратылған талап күшейіп келе жатыр. Алайда барлық мақсат толығымен жүзеге асты деуге келмейтіндігін ашық айтқан жөн.  Сондықтан экологиялық саясатты одан әрі жетілдіру Қазақстанның тұрақты дамуы үшін маңызды болып қала бермек.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
13.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23828
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23499
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40551
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36941
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41179