Екі басылымда да журналистиканың жілігін шағып, майын ішкен майталман мамандардың еңбек ететіні сөзсіз. Олай дейтінім, газетте жарық көретін мақалалар, журналистік зерттеулер, шынайы ақпараттар сауатты әрі дер кезінде жарияланбаса, оның ұзақ уақыт өмір сүруі мүмкін емес. Газет қай кезде де өзінің оқырманымен бағалы. Сол себепті де «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» балалар журналының оқырмандары жыл өткен сайын артып, өзінің жазылушыларын мәнді мақалалармен қуанта берсін дегім келеді.
Мерейтой құтты болсын!