Қос орталық жаңа жылды тойлады

Қос орталық жаңа жылды тойлады

«Шапағат» көпсалалы оңалту орталығында ем алушы балалар  мен қызмет көрсетуші қызметкерлерге арнап Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды. Қонаққа «Демеу»   әлеуметтік қызмет орталығының қызмет алушылары шақырылды. Балалар мен ұжым мүшелерінің көбі қазақтың ұлттық киімдерін киіп келді. Келушілердің көңілін көтеру мақсатында  эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ерлан Али, Мұхит Албан, Абзал Төкенұлы сынды әншілер ән айтып, балалармен бірге суретке түсті.  Ұлттық ойындар ойналып, жарыстар ұйымдастырылды. Мерекелік дастархан жайылып, келген қонақтарға наурыз көже таратылды. Өнер адамдарына ризашылығын білдірген орталық басшылары марапаттау қағаздарын табыстады. Наурыз тойын өткізуге атсалысқан ұйымдастырушылар Жиеналы Калтаев, Мақпал Байказакова, Меруерт Касымкановалар өздерінің белсенділіктерін көрсетті.  Ауа райының салқындығына қарамай би билеген жастар мен қонақтар көтеріңкі көңіл-күймен  тарасты. Әлеуметтік-мәдени қызмет бойынша ұйымдастырылған бұл іс-шара орталықтар арасындағы  сенімді қарым-қатынас пен байланысқа ұйытқы болды. 

                                                                                                   

 

Шаргүл Қасымханқызы
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 140
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 297
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 509

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 140
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 184
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 297
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 296
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 407