Жуырда Тараз қаласындағы №22 орта мектеп базасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау және Тараз қаласы тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуін өткізді. Тыңдалым барысында халықтың көтерген өзекті мәселелерінің бірі: қазіргі таңда тозығы жеткен №27 орта мектеп аясында болды. Халық тарапынан мектепке күрделі жөндеу жұмысын жүзгізу ұсынысы түсті.
Осы мәселені зерделеу бағытында Жамбыл облысы білім басқармасының Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызы мектептің бүгінгі күнгі материалдық жағдайын көрді. 1957 жылы қолданысқа берілген білім мекемесінің материалдық – техникалық базасы төмендеген, оқу кабинеттерінің жетіспеушілігі бар екендігін назарға алды.
Қазіргі таңда осы мәселе аясында жұмыстар жүргізілуде, 2020-2021жж. жөндеу жұмыстарын жүргізудің жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды. Ағымдағы жылы сараптамадан өткізуді жоспарға қойды.