ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Түркістан облысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен келді. Денсаулық сақтау министрі халықпен кездесіп, өңірдегі медициналық нысандарды аралады, азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдап, брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ақмарал Шәріпбайқызы алдымен халқы тығыз орналасқан Сауран ауданына барды.
Аудандағы орталық емхананың жай-күйімен танысып, жергілікті халыққа көмек көрсету сапасын бақылады. Емхана құрылымында 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік бекет, 3 медициналық бекет, 3 ІV санатты жедел жәрдем бригадасы, 1 зертхана бөлімі, 1 жылжымалы медициналық кешен бар. 5 құрылымдық мекемеде, атап айтқанда Шаға, Ораңғай, Ескі иқан, Қарашық Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталы мен А.Үсенов дәрігерлік амбулаториясынан зертхана бөлмелері жасақталған. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медициналық нысандарды таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Сондай-ақ министр Түркістан қалалық емханасының жұмысымен танысты. Қалалық емханада 94 432 азамат тіркеліп, медициналық көмек көрсетіледі. Мекемеде 70 аймақ дәрігері жұмыс атқаруда. Қалалық емхананың жұмысы жүйелі екенін атап өткен министр, қызмет көрсету сапасын оң бағалады. Түркістандағы сапар барысында Ақмарал Шәріпбайқызы өңірдегі медицина ұйым басшыларымен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Министр жергілікті атқарушы орган өкілдеріне аталған проблемаларды дереу шешуді тапсырды.
Халық сапалы медициналық көмекпен қамтылуы тиіс екенін ескертті. Одан кейін еліміздің бас дәрігері өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Түркістандықтар министрге шет елге берілетін квота, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ауру диагноздарын нақтылау бойынша ұсыныстары мен шағымдарын айтты. Жеке қабылдауда тұрғындардан түскен барлық өтініштер бақылауға алынып, шешу жолдары бойынша салаға жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.
 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1282
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 1657
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 1663
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 1657
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 1666
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 1446

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12513
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11418
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14655
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13605
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18623