ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің назарына! Жалдамалы жұмысшылардың құқығын кім қорғайды?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің назарына!  Жалдамалы  жұмысшылардың құқығын кім  қорғайды?

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі үлкен проблема жұмыссыздық пен жалдамалы жұмысқа тұрған жандардың құқығының қорғалмауы. Жұмыс істетіп алып қожайындар жұмысшылардың ақыларын төлемеуі «әдетке» айналдырды. Заң орындары оларға ештеңе жасай алмайды. Себебі екеуара келісімшарт жоқ. Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалдамалы жұмысшылардың көбейгенін тілге тиек етіп, республика бойынша деректерді жариялапты. Біз Министрліктен қарапайым жалдамалы жұмысшылардың жалақысын жеп жүргендерге тосқауыл болатын заң шығаруды өтініш етеміз.  

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі: «2021 жылғы 4 тоқсанда жалдамалы жұмыскерлер санының 32,1 мың адамға өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санының 33,1 мың адамға қысқаруы байқалды», – деп хабарласа, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская: «Тұтастай алғанда, Қазақстанның еңбек нарығында осы кезеңде жұмыссыздар саны қысқаруды жалғастырды, белсенді жұмыспен қамтылмаған адамдар еңбек нарығына қайта оралуда, ал қашықтықтан жұмыспен қамтудың танымалдығы төмендеуде. Жұмыс күшінің жалпы саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 1,3 мың адамға қысқарды, алайда жылдық мәнде бұл көрсеткіш 0,3 пайызға (29,9 мың) 9,3 млн адамға дейін өсті. Бұған өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтудың жалпы 0,4 пайызға (30,8 мың) 8,8 млн адамға дейін өсуі ықпал етті. Жұмыспен қамту құрылымында 4-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істейтін халықтың 76 пайызы (6,72 млн) жалдамалы еңбекпен қамтылды, олардың саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 0,5 пайызға (32,1 мың) артты. Тиісінше, жұмыспен қамтылғандардың 24 пайызы (2,1 млн) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар болып табылады, олардың саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,6 пайызға (33,1 мың) қысқарды. Сонымен қатар, егер өткен жылдың басы мен аяғының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының тиісінше 14,3 мың және 16,5 мың адамға өскенін атап өтуге болады. 2021 жылдың соңына қарай жұмыссыздар саны қысқаруды жалғастырды. Өткен тоқсанмен салыстырғанда азаю бар болғаны 350 адамды құрағанына қарамастан, бір жылдық кезеңде олардың саны 2,6 мың адамға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі алдыңғы бес тоқсандағыдай 4,9 пайыз деңгейінде қалды. Экономикалық белсенділікке оралу белсенді жұмыспен қамтылмаған адамдар санының азаюымен де көрінеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істемеген немесе жұмыс іздемеген адамдардың саны 13,2 мыңға төмендеп, 4,1 млн адамды құрады. Жұмыспен қамту сипаттамалары туралы, бұрынғыдай, жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі қалалық жерлерде тұрады (59%), олардың көпшілігі жалдамалы жұмысшылар. Өз бетінше жұмыспен қамтылу, әдетте, ауылдық жерлерде басым (57%). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі Түркістан (өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 83%), Алматы (79%), Жамбыл және Батыс Қазақстан (73%) облыстарында. Кәсіптік білімі бар жұмыспен қамту үлесі өсуде. Мәселен, 2021 жылғы 4 тоқсанда алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 68 мың адамға артып, жұмыспен қамтылған халықтың 85 пайызын құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалдамалы жұмыскерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында олардың үлесі тиісінше 89 және 72 пайызды құрап, 2 пайыздық тармаққа өсті. Айта кету керек, жалпы техникалық және кәсіптік біліммен қамтылғандардың өсу үрдісі байқалады. 

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде төрт сала дәстүрлі түрде барлық жұмыспен қамтудың 55 пайызын алады: сауда, ауылшаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың қызмет көрсету саласына қарай ағу үрдісі жалғасуда. Мәселен, 2021 жылғы 4 тоқсанда 2021 жылғы 3-тоқсанмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың ең көп өсімі қаржы және сақтандыру қызметінде (+5% немесе 9,2 мың адам), мемлекеттік басқаруда (+2,6% немесе 12,8 мың адам), денсаулық сақтауда (+2,4% немесе 12,7 мың адам), көлік және қоймалау саласында болды (+2,2% немесе 13,3 мың адам) және басқа да қызмет түрлерін ұсыну (+2% немесе 6,3 мың адам). Жұмыспен қамтылған жастардың (15-28 жас) салалық құрылымын қарастыра отырып, жұмыс істейтін жастардың көбеюі әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (+11 мың), қаржы және сақтандыру (+8,9 мың), кәсіби және ғылыми қызмет (+7,7 мың), мемлекеттік басқару (+7,4 мың), сондай-ақ, басқа да салаларда байқалатынын атап өтуге болады өнер және ойын-сауық (+4 мың). Қалған салаларда жұмыспен қамтылған жастар саны қысқаруда, ең көп төмендеу сауда саласында тіркелді (-42 мың адам). Мұндай ағындар соның ішінде жұмыспен қамтылғандардың жас ерекшелігіндегі өзгерістерімен байланысты – жастар тобынан 29-34 жас аралығындағы жұмыспен қамтылғандар тобына ауысу, олардың саны 4 тоқсанға қарай 95 мың адамға ұлғайды, сондай-ақ оқыту, үй шаруашылығын жүргізу және т.б. себептер бойынша экономикалық белсенді еместікке көшу.

2021 жылдың 4 тоқсанында Қазақстанда номиналды жалақы орташа есеппен 275,6 мың теңгені құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2 пайызға жоғары. Сонымен қатар нақты жалақы индексі 2020 жылдың осы кезеңіне 8,7 пайызды құрады. Өңірлер бөлінісінде жалақы деңгейі бойынша мұнайлы өңірлер – Атырау (айына 420,4 мың теңге) және Маңғыстау (382,4 мың теңге) көшбасшы болып қалуда.) облыстар, сондай-ақ мегаполистер – Нұр-Сұлтан қаласы (391,4 мың теңге.) және Алматы қ. (329,1 мың тг.), ал су көлігі саласы орташа жалақысы 890,7 мың теңгеге тең елдегі ең табысты сала болып табылады. Жыл соңына қарай қашықтықтан жұмыспен қамтудың танымалдылығы да төмендеді – қашықтан жұмыс істейтіндердің саны небәрі 24,4 мың адамды құрады, өткен тоқсанмен салыстырғанда 16,1 мыңға қысқарды. Қашықтан жұмыспен қамтылғандар санының күрт төмендеуіне қарамастан, олардың арасында қала тұрғындарының (74%) ауыл тұрғындарынан және әйелдердің (66%) ерлерден басым болу үрдісі әлі де сақталуда. Дегенмен, мұндай жұмыс форматы еңбек нарығында сенімді түрде орныққан, егер бұл құжатталмаған болса, онда кез келген жағдайда жұмыс берушімен келісім бойынша жұмысшылардың бір бөлігі гибридті жұмыс режимін (онлайн/офлайн) сақтай алады»,  – деп мәлімдеді.

 

Ермек САХАРИЕВ
10.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 61
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 61
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 431
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9086
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8484
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11712
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9478
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10693