ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

 Бүгін Мемлекет басшысы Астанада, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесінде, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.

Өздеріңізге белгілі, 19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау жөнінде шешім қабылдаған болатын. 

 22 жылығы референдум арқылы енгізілген өзгеріске сәйкес ҚР Конституциясы бойынша Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Депутаттардың 70%-ы партиялық, ал 30%-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады. Яғни  партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, ал бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-ден 20 наурыз таңғы 8:00-ге дейін жалғасады.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
19.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 139
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 296
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 507

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 139
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 183
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 296
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 295
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 405